Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қаржы және корпоративтік басқару департаменті Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының бас сарапшысы, санаты C-4 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

258893

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес

Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалды міндеттер

Бекітілген учаске бойынша Орталық аппараттың бухгалтерлік есебін жүргізу. Ұзақ мерзімді активтермен қорларды дұрыс есептеу және толық кіріске алу. Қаржыландыру жоспарына сәйкес белгіленген тәртіппен өзгерістер енгізуді ескере отырып, қаражатты уақтылы, тиімді және мақсатты пайдалану. Өкілеттік шығындар бойынша төлем, іссапарға барған адамдармен, жеткізушілермен есеп айырысуды жүзеге асыру. Жергілікті атқарушылық органдарына нысаналы трансферттерді уақтылы аудару. Еңбекақысын, жарналар мен салық аударымдарын уақтылы және сапалы есептеу және аудару. Банктік операциялар есебін жүргізу (Қазынашылық-клиент). Техникалық ерекшеліктердің және оларға шарттардың жобаларының бюджеттік өтінімдерге және белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістерді ескере отырып қаржыландыру жоспарына сәйкес келуiн тексеру; тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің өнім берушілерімен шарттарды қазынашылық органдарында уақтылы тіркеуі; ұсынылған жұмыстарды орындау туралы актілерді, шот-фактураларды және жүкқұжаттарын есепке алуы және тексеруі; өнім берушілерге аударымдар қалыптастыруы бойынша жұмыс жасау. Шарт міндеттемелерін орындау мерзімдері бойынша мониторингін жүзеге асыру. Уәкілетті органдарға тиісті есептерді белгіленген мерзімде дайындау, құрастыру және ұсыну. Министрлік бойынша топтастырылған қаржы және бюджеттік (теңгерім) есепті құрастыру жұмыстарына қатысу. Ұзақ мерзімді активтермен қорларды, есептер бойынша, ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды уақытылы түгендеу жүргізуге. Департамент және Басқарма басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 05.08.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.08.2025 – 08.08.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

983432