Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Кадр қызметі департаменті Персоналмен жұмыс басқармасының бас сарапшысы, санаты C-4 (1 бірлік).

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

258893

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Саясаттану
  • Психология
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Суару және құрғату жұмыстарын механикаландыру

Қосымша талаптар

Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес

Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалды міндеттер

Министрліктің қызметкерлерінің іссапарлар бойынша бұйрықтарды ресімдейді, іссапарлар кестесін және іссапарлар бойынша ақпаратты жасайды. Министрліктің қызметкерлерінің еңбек демалысын беру, демалыстан кері қайтарып алу, еңбек демалысын ұзарту және ауыстыру жөніндегі бұйрықтарды ресімдейді. Министрліктің қызметкерлерінің пайдаланылмаған демалыстары бойынша жылдық ақпарат дайындайды. Демалыс туралы анықтама береді. Көтермелеу және материалдық көмек көрсету бұйрықтарын ресімдейді. Министрліктің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін ротациялау бойынша жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді. Әскери міндеттілері мен әскерге шақырылушыларын әскери есепке алуды жүргізеді. Лауазымдық жалақыны алу құқығын беретін жұмыс өтілін есептеу жөніндегі комиссия жұмысын ұйымдастырады. Қызметкерлердің жеке істерін қағаз жеткізгіште қалыптастырады және жүргізеді және «Е-қызмет» ИАЖ қызметкерлердің дербес деректерін жүргізуді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне мемлекеттік қызметшілердің таза ауысуы (мемлекеттік қызмет жүйесінен кету) бойынша ай сайынғы есеп дайындайды. Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурстар ұйымдастырады және өткізеді. Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін конкурсқа қатысушылардың дербес деректерін «Е-қызмет» ИАЖ енгізеді. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын жинауды және бекітуді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Үкімет аппаратына бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдар бойынша ай сайын ақпарат дайындайды. Ай сайын «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне ақпарат дайындайды. Министрліктің орталық аппараты қызметкерлерін, Министрліктің ведомстволары төрағаларын және олардың орынбасарларын, Министрліктің аумақтық органдарының басшыларын және олардың орынбасарларын тағайындау және жұмыстан шығару бойынша бұйрықтарды ресімдейді. Министрліктің азаматтық қызметшілерін тағайындау және жұмыстан босату жөніндегі бұйрықтарды ресімдейді. Министрлік қызметкерлерімен еңбек шарттарын ресімдейді. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер бойынша «Е-қызмет» ИАЖ тоқсан сайын мониторинг есебін дайындайды. Басқа мемлекеттік органдардан келіп түскен хат- хабарларды қарауды жүзеге асырады. Тәлімгерлік бойынша жұмысты үйлестіру. Жаңадан немесе қайта тағайындалған мемлекеттік қызметкерлердің құжаттарын ұлттық қауіпсіздік органдарына құжаттарды жібереді. Министрліктің қызметкерлеріне материалдық көмек көрсету туралы комиссияға қатысады. МҚҚжАҚБ Министрліктің қызметкерлеріне мемқұпияларға арналған құжаттарды дайындайды. Жеке және заңды тұлғалардың кадр мәселелері бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің блогына түскен өтініштерін қарауға қатысады. Өз құзыреті шегінде министрліктің қызметкерлеріне кадр мәселелері бойынша кеңес береді. Министрліктің регламентін сақтайды. Басқарманың құзыреті шеңберінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді. МОИП, ЦРМ, Е-өтініш АЖ жазбаларын құру, өзектендіру, жою жұмыстарын жүргізеді. Келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарайды. Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкімет Аппаратының бақылау тапсырмаларын орындау. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы талаптарды сақтайды. ID карталарды ресімдеу, Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 05.08.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.08.2025 – 08.08.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

г. Астана, пр. Кабанбай батыра 32/1

Анықтама алу үшін байланыс

983432