Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен департаментінің Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының қызметін лицензиялау және мемлекеттік қорғаныс өнеркәсібі саясатын қалыптастыру басқармасының басшысы C-3 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
466135
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Әскери іс
- Математика
- Физика
- Информатика
- Химия
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Авиациялық техника және технологиялар
- Теңіз техникасы мен технологиялар
- Аспап жасау
- Электр энергетикасы
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
- Стандарттау, сертификаттау және метрология
- Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы
- Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану
- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
- Қаржы
Қосымша талаптар
Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес
Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.
Функционалды міндеттер
Басқармаға жүктелген функциялардың уақтылы және сапалы түрде орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Басқарма қызметкерлерінің функционалды міндеттерін айқындау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуі бойынша шаралар қабылдау. Министрліктің басқа да құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау. Заңнамаға сәйкес әскери мақсаттағы өнімге байланысты қызметті жүзеге асыру құқығына арналған арнайы рұқсаттарды (лицензияларды) ресімдеу, беру, тоқтату, қайта жандандыру, қолдану мерзімін ұзарту, қолдануын тоқтату процестерін басқару, осы өнімдерді шығару жөніндегі ұйымның қызметін үйлестіру, сондай-ақ олардың осы қызметке қойылатын лицензиялық талаптар мен шарттарды сақтауларын бақылау. Заңнамаға сәйкес қару-жарақ, әскери техника мен қарудың жекелеген түрлерінің айналысы саласындағы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін салалардағы реттелетін рұқсаттама құжаттарын есепке алудың жүргізілуін бақылау процесін басқару. Қазақстан Республикасының мемлекеттің экспорттық бақылау жүйесіндегі мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылды басқару. Әскери мақсаттағы өнімге байланысты қызметті жүзеге асыру құқығына арналған арнайы рұқсаттарды (лицензияларды) уақтылы беруді ұйымдастыру, олардың қолданылу мерзімін ұзарту, оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар (жұмыстар және (немесе) көрсетілетін қызметтер тізбесінде, оған қатысты жұмыстар орындалатын және (немесе) қызметтер көрсетілетін ерекше тауарлардың тізбесінде көрсетілетін лицензияларға өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға қатысты) енгізу, олардың қолданысын тоқтату, жою, қайта жандандыру, заңнама негізінде оларды жою. Әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Министрліктің қызметін үйлестіру. Қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың озық үлгілерін импорттау және әскери және қосарланған мақсаттағы өнім өндіру мақсатында әскери-техникалық ынтымақтастықты жүргізу. Шет елдердің әскери мақсаттағы өнімдердің халықаралық көрмелерін өткізу тәжірибесін зерделеуді ұйымдастыру. Әскери-техникалық саясатты және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүргізуді ұйымдастыруға қатысу, қорғаныс мақсаттағы жарнамалық көрме қызметіне қатысу кезінде басқарма жұмысын үйлестіру. Қару-жарақ пен әскери техниканың халықаралық көрмелеріне баруды ұйымдастыруға қатысу. Министрлік басшылығының халықаралық сапарлары мен әскери мақсаттағы өнімдер көрмелерін өткізу бойынша үйлестіруді жүзеге асыру. Әскери өкілдіктермен өзара іс-қимылға қатысу. Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде халықаралық ұйымдармен және халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп Департаменттің құзыреті шегінде қорғаныс өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша жаңа мүмкіндіктерді зерделеу. Басқарманың құзыретіне сәйкес қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың жобаларын, тұжырымдамалар мен іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және іске асыру. Басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің еңбек тәртібі мен Әдеп кодексін сақтауын бақылауды жүзеге асыру. Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау. Қорғаныс өнеркәсібі субъектілерімен өзара іс- қимылды және үйлестіруді жүзеге асыру. Департамент басшысына, Министрлік басшылығына қол қоюға немесе бұрыштама қоюға ұсынылатын бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, ережелердің және Басқарма қызметінің бағыты бойынша құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларының заңнамаға сәйкестігін тексеруді жүзеге асыруға қатысу. Департамент қызметінің бағыты бойынша мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, сондай-ақ түзету жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысу. Департамент құзыреті шеңберінде қорғаныс өнеркәсібінің жай-күйіне талдау және мониторинг жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіруге қатысу. Күнделікті қызметтік қызметте мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету. Қорғаныс өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту бөлігінде зерттеулер әзірлеуге қатысу. Қорғаныс-өнеркәсіп саясатын дамытудың басым бағыттарын әзірлеуге қатысу. Қорғаныс өнеркәсібін дамытудың перспективалық бағыттарын айқындауға қатысу. Мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру бөлігінде ұсыныстар әзірлеуге қатысу. Министрлік регламентін сақтау. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функциялар. Министрліктің ҚР ҚӨК кәсіпорындарымен өзара іс-қимылын үйлестіруді жүзеге асыру. Әскери және қос мақсаттағы өнімдер шығаратын кәсіпорындарды дамыту саласындағы басқа мемлекеттердің тәжірибесін зерттеу. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.moldagalieva@mps.gov.kz
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
983432