ҚР ӨҚМ Цифрлық трансформация департаменті Цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді үйлестіру басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты 1 бірлік
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
279237
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Информатика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Жаратылыстану ғылымдары: Механика
Қосымша талаптар
Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес .
Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Функционалды міндеттер
Департамент басшылығына цифрландыру саласындағы функцияларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстар ұсыну; басқарманың құзыретіне жататын цифрландырудың басым проблемаларын шешуге бағытталған саясатты жүргізу; Министрлік салаларын цифрландыру бойынша жаңа бастамаларды енгізу және дамыту бойынша іс-шараларды жүргізу; салалық және АКТ тұжырымдамасы шеңберінде цифрландыруды жүргізу бойынша жұмыстарды үйлестіру; цифрландыру мәселелері бойынша жұмыс топтары мен басқа да кеңесу органдарының қызметіне, кеңестерге және өзге де ісшараларға қатысу; цифрландыру бағыты бойынша Министрліктің басқа бөлімшелерімен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; Министрлік салаларын цифрландыруды қамтамасыз ету және министрлік салаларының IT жобалары бастамаларының ұсыныстарын әзірлеу үшін нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, қарау және келісу; ақпараттық жүйелер мен деректер базасын құру, енгізу мәселелері бойынша орталық аппарат пен комитеттердің қызметін қамтамасыз ету, сыртқы ақпараттық жүйелермен және деректер қорларымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру; ақпараттық жүйелерді және деректер базасын құру, енгізу мәселелері бойынша; Мемлекеттік қызметтерді дамыту бойынша бекітілген жоспарлар мен ұсыныстарды іске асыру. Министрліктің, олардың ведомстволары мен аумақтық органдарының бизнес-процестерін реинжинирингтеу жөніндегі жұмысты бақылау және үйлестіру; мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін регламенттейтін тиісті нормативтік құқықтық актілерді келісу (біліктілік талаптары, қағидалар); заңнаманың және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің мониторингі Министрліктің құзыретіне кіретін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау және/немесе алып тастау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің атауын өзгерту, оның ішінде лицензиялық-рұқсат беру құжаттарын хабарлама жасау тәртібіне көшіру; Министрліктің құзыретіне кіретін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлігінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу; Министрліктің құрылымдық бөлімшелерін, олардың ведомстволары мен аумақтық органдарын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен уақтылығы, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерін уақтылы тіркеу бөлігінде бақылау; басшылыққа баяндамалар дайындау үшін қажетті анықтамалар мен басқа да талдамалық материалдарды жасау; Басқарманың құзыретіне қатысты бағыттардың тиімділігін бағалау бойынша іс-шаралар жүргізу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
g.azhibayeva@mps.gov.kz
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
(8-7172) 98-33-64