ҚР ӨҚМ Жер қойнауын пайдалану департаменті Жер қойнауын пайдалану құқығын беру басқармасының бас сарапшысы, санаты C-4 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
323914
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Геология
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
- Тау-кен ісі
- Мұнай газ ісі
- Геодезия және картография
- Кадастр
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: география
- Геодезия
Қосымша талаптар
Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес .
Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Функционалды міндеттер
уран өндіруді қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіруге арналған лицензияны беру\ бас тарту туралы өтініштерді қарау және ұсыныстарды дайындау; қайта рәсімдеу бойынша ұсыныстарды пысықтау немесе уранды өндіруді қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіруге арналған лицензияны қайта рәсімдеуден бас тарту; ҚПҚ өндіруге арналған лицензияны беру мәселелерін қарау кезінде мемлекеттік сараптаманы жүргізу немесе жобалау құжаттарды келісу қажеттілігі туралы хабарламаны жіберу; жер қойнауын пайдалану құқығын беру бөлігінде жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету; тау-кен жұмыс жоспарын келісу, жою жоспарына сараптама жүргізу қажеттілігі туралы хабарламаны жіберу және оны құзыретті органның интернет ресурсында орналастыру; «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 278-бабының 24-тармағына сәйкес техногендік минералдық түзілімдер объектілері бойынша өтініштерді қарау және ұсыныстар әзірлеу; Департамент құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу; Департамент құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнама нормаларын түсіндіруге қатысу; пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіруге лицензиялар бойынша жер қойнауы учаскелерін қайта құру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру; бір мың текше метрден асатын көлемде тау-кен массасын алу немесе барлау учаскесінде топырақты ауыстыруға рұқсат беру; жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамада көзделген пайдалы қатты қазбаларды өндіруге лицензия беру туралы өтінішті лицензия беруден бас тарту үшін негіздердің болуы тұрғысынан қарау; мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын жүргізу бойынша жұмысты жүзеге асыру, жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі объектілерді айқындау бөлігінде мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмысты жүзеге асыру; пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасасуға өтініштерді қарау; пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасасу жөніндегі жұмыс тобының отырыстарын ұйымдастыру және өткізу; пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жобасына құқықтық және экономикалық сараптама жүргізуді ұйымдастыру; пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімдердің жобалары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерінің жобасын дайындау; Қазақстан Республикасы атынан пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасасуды ұйымдастыруды жүргізу; жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі комиссиялардың, оның ішінде үкіметаралық комиссиялардың және арнайы құрылатын жұмыс топтарының жұмысына қатысу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
g.azhibayeva@mps.gov.kz
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
(8-7172) 98-33-64