ҚР ӨҚМ Жер қойнауын пайдалану департаменті жер қойнауын пайдалануды талдау және дамыту басқармасының бас сарапшысы , санаты C-4 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

323914

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Геология
  • Құқықтану
  • Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
  • Тау-кен ісі
  • Мұнай газ ісі
  • Металлургия
  • Геодезия және картография
  • Кадастр

Қосымша талаптар

Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес .

Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалды міндеттер

Талдау бойынша жұмыстарды жүзеге асыру, нормативтік-құқықтық актілер жобаларын әзірлеу, жер қойнауын пайдалану саласында нормативтікқұқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстарды пысықтауға бағытталған жұмыс топтарын ұйымдастыру, Министрліктің стратегиялық жоспары шеңберінде жер қойнауын пайдалану саласында стратегиялық жоспарлауды дамыту бойынша ұсыныстарды пысықтау; Министрліктің құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл, басқару мәселелері жөнінде жұмыс топтарына қатысу, басқарма құзыреті шеңберінде жер қойнауын пайдалану мәселелері жөнінде мемлекеттік мүдделерді қорғау мақсатында сот процестеріне қатысу; Министрліктің мүдделерін білдіру және құжаттарды дайындау; заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамалық нормаларын түсіндіруге қатысу; тарату жоспарына кешенді сараптама жүргізу, басқарма құзыреті шеңберінде Департамент және Министрлік басшылығының тапсырмаларын орындау. Жер қойнауын пайдалану саласын дамыту мақсатында ісшараларды іске асыру кезінде бюджеттік жоспарлауды жүзеге асыру: салада бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды жүзеге асыру мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру (дайындау, сүйемелдеу, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық мемлекеттік органмен өзара іс-қимыл жасау), бюджет қаражатын игеру кезінде қаржылық рәсімдерге бақылауды жүзеге асыру, Министрліктің кадр мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 11.06.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.06.2025 – 16.06.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-64