ҚР ӨҚМ Жер қойнауын пайдалану департаменті лицензиялық-келісімшарттық талаптарды орындау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты 1 бірлік
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
297585
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Геология
- Құқықтану
- Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
- Тау-кен ісі
- Мұнай газ ісі
- Металлургия
- Геодезия және картография
- Кадастр
Қосымша талаптар
Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес
Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Функционалды міндеттер
Жер қойнауын пайдаланушылардың лицензиялық-келісімшарттық талаптарын орындауын мониторингілеу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру, уранды, жерасты суларын және емдік балшықты қоспағанда, пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды бұзуды жүзеге асыру, берілген лицензияларды қайтарып алу жөнінде шаралар қабылдау (жер қойнауын пайдаланушыға лицензияларды қайтарып алу туралы хабарламалар жіберу), жер қойнауын пайдаланушылардың лицензиялықкелісімшарттық талаптарын орындауын талдауды жүзеге асыру, уранды, жерасты суларын және емдік балшықты қоспағанда, пайдалы қатты қазбалар бойынша келісімшарттардың іс-қимылдарын бұзу және қайта бастау жөніндегі бұйрықтардың жобаларын дайындау, жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау жөніндегі бұйрықтардың жобаларын дайындау, лицензиялық-келісімшарттық талаптарын орындау талаптары бойынша жер қойнауын пайдаланушылармен хат алмасуды жүзеге асыру, сот талқылауларына материалдар дайындау, жинау, жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша Министрліктің мүдделерін білдіру, басқарма құзыреттілігі шеңберінде басшылықтың өзге де тапсырмалары, құзыреттілігі шегінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнама нормаларын түсіндіруге қатысады, Қазақстан Республикасында өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасының стандартын іске асыру бойынша жұмысты жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
g.azhibayeva@mps.gov.kz
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
(8-7172) 98-33-64