ҚР ӨҚМ Жер қойнауын пайдалану департаменті Жер қойнауын пайдалануды талдау және дамыту басқармасының басшысы (негізгі қызметкердің оқу бойынша демалысы кезеңіне 01.09.2025 ж. дейін), санаты C-3 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

466135

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Геология
  • Құқықтану
  • Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
  • Тау-кен ісі
  • Мұнай газ ісі
  • Металлургия
  • Геодезия және картография
  • Кадастр

Қосымша талаптар

Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес

Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалды міндеттер

Басқарманы жалпы басқару мен қызметін үйлестіру; жер қойнауын пайдалану саласындағы нормативті-құқықтық актілерді жетілдіру арқылы жер қойнауын пайдалануды дамыту мәселесі жөнінде жұмысты ұйымдастыру; нормативтік-құқықтық актілер мониторингін ұйымдастыру; жер қойнауын пайдалануды дамыту мәселесі жөнінде заңнамалық және нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеуге, тұжырымдамалар, жер қойнауын пайдаланудың стратегиялық даму жоспарларын және соған байланысты қысқа және ұзақ мерзімді іс-шараларға қатысу; заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамалық нормаларын түсіндіруге қатысу, басқарма құзіреттілігі шеңберінде талап-қуыным жұмыстарын ұйымдастыру, тарату жоспарына кешенді сараптама жүргізуді ұйымдастыру, жер қойнауын пайдалану саласындағы инвестициялық ынтымақтастық мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру; минералдық-шикізат ресурстары нарығын дамыту мақсатында өзара тиімді халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру; жер қойнауын пайдалану саласын дамыту үшін имидждік саясатпен жұмысты ұйымдастыру; жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі комиссиялардың, оның ішінде үкіметаралық комиссиялардың және арнайы құрылатын жұмыс топтарының жұмысын ұйымдастыру және оған қатысу; бюджеттік жоспарлау шеңберінде іс-шаралар бойынша тәуелсіз консалтингтік компанияларды тарту бойынша жұмысты ұйымдастыру; саладағы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын жүзеге асыру мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру; бюджет қаражатын игеру кезінде қаржылық рәсімдерге бақылауды жүзеге асыру; Министрліктің кадр мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл бойынша жұмысты ұйымдастыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 02.04.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.04.2025 – 07.04.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-64