ҚР ӨҚМ Жер қойнауын пайдалану департаменті лицензиялық-келісімшарттық талаптарды орындау басқармасының басшысы, санаты C-3 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
466135
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Геология
- Құқықтану
- Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
- Тау-кен ісі
- Мұнай газ ісі
- Металлургия
- Геодезия және картография
- Кадастр
Қосымша талаптар
Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес
Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметіне жалпы басшылық жасау және үйлестіру оның ішінде; жер қойнауын пайдаланушылардың лицензиялық-келісімшарт талаптарын сақтауы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және талдау жүргізу, уранды, жерасты суларын және емдік балшықты қоспағанда, пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар/лицензияларды орындау және бұзу мониторингі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, Министрлік басшылығының жедел сұраулары бойынша ақпарат пен есептерді дайындау, жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша комиссиялар мен арнайы құрылатын жұмыс топтарының жұмысына қатысу, бюджеттік жоспарлау шеңберіндегі ісшаралар бойынша тәуелсіз консалтингтік компанияларды тарту бойынша жұмысты ұйымдастыру, басқарма құзыреті шеңберінде басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау, Қазақстан Республикасында өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасының стандартын іске асыру бойынша үйлестіруді жүзеге асыру; басқарма құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу, басқарма құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнама нормаларын түсіндіруге қатысу
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
g.azhibayeva@mps.gov.kz
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
(8-7172) 98-33-64