ҚР ӨҚМ Жер қойнауын пайдалану департаменті директорының орынбасары (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 21.02.2026 ж. дейін), санаты C-2 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

649283

Жалпы біліктілік талаптары

   С-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, С-О-2, D-O-2, D-2, Е-1  санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Геология
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
  • Тау-кен ісі
  • Мұнай газ ісі
  • Геодезия және картография
  • Кадастр
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: география

Қосымша талаптар

Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес

Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалды міндеттер

Департаменттің қызметін үйлестіру, Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы құқықтық қатынастарды мемлекеттік реттеуге қатысу; инвестицияларды тарту мақсатында өзара тиімді халықаралық ынтымақтастықтың бағыттарын айқындау; инвестициялық ахуалды жақсарту үшін басым бағыттарды айқындау; саланы дамыту үшін имидждік саясатпен жұмысты ұйымдастыру, жер қойнауын пайдалану саласындағы инвестициялық саясатты стратегиялық жоспарлау; бюджеттік жоспарлауды қамтамасыз ету және уақтылы орындалуын бақылау; құжат айналымын бақылау; жер қойнауын пайдаланушылармен келісімшарттар жасасу кезінде негізгі шарттар мен параметрлерді қарау және айқындау, жер қойнауын пайдалану құқығын беруді ұйымдастыруды бақылау, жер қойнауын пайдаланушылардың лицензиялық және келісімшарттық талаптарды өзгерту және толықтыру жөніндегі өтініштерін қарау; жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және оларға қосымша келісімдер жасасу жөніндегі қызметті үйлестіру; пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы лицензиялар беру және келісімдер жасасу жөніндегі қызметті үйлестіру; жер қойнауын пайдаланушылардың лицензиялық және келісімшарттық талаптарды орындауына мониторинг және талдау жүргізуін бақылау, жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және қалыптастыру бойынша жұмыстардың ұйымдастырылуын бақылау, Қазақстан Республикасындағы өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасының стандартын іске асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен уақтылылығын бақылау, жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу, тарату жоспарына кешенді сараптама жүргізуді бақылау

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 01.04.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.04.2025 – 04.04.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-64