ҚР ӨҚМ Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен департаменті Экономика, қорғаныстық ғылыми зерттеулер және әскери-өнеркәсіптік стандарттау және әскери-техникалық ынтымақтастық басқармасының басшысы, санаты C-3 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

466134

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Әскери іс
  • Информатика
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Халықаралық қатынастар
  • Аударма ісі
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
  • Машина жасау
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Авиациялық техника және технологиялар
  • Теңіз техникасы мен технологиялар
  • Аспап жасау
  • Электр энергетикасы
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
  • Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология
  • Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы
  • Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану
  • Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: математика
  • Жаратылыстану ғылымдары: Ядролық физика
  • Жаратылыстану ғылымдары: химия
  • Білім: физика

Қосымша талаптар

Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес

Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалды міндеттер

Департаментке жүктелген міндеттерді және өз функцияларын уақтылы және сапалы жүзеге асыру. Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы іс-шаралар жоспарын дайындауға қатысу. Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау. Жергілікті-есептік желінің қауіпсіздігін мониторингілеу. Кибершабуылдарға қарсы іс-қимыл; алдын алу іс-шараларын жүргізу және ақпараттық қауіпсіздік жағдайын тексеру. Министрліктің АЖ осалдықтарын анықтау және оларды жою бойыншажұмыстарды үйлестіру. Пайдаланушыларды сәйкестендіру, аутентификациялау және қол жеткізуді басқару құралдарын қолдану жөніндегі талаптарды сақтауды қамтамасыз ету. Басқарманың құзыреттілегіне кіретін ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша хаттардың жобалары мен ақпаратты дайындау. Басқарманың құзыреттілегіне кіретін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. Басқарманың құзыреттілегіне кіретін ақпараттық қауіпсіздік мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және дайындау. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттаманы (құжатталған қағидалар, рәсімдер, практикалық тәсілдер немесе басшылық қағидаттар) әзірлеу. Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерге, оның ішінде қолдану практикасын ескере отырып, нормативтік құқықтық базасын жетілдіру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстарды пысықтау. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бөгде ұйымдарды тартқан жағдайда олардың иесі немесе иеленушісі аталған объектілермен жұмыс істеу, оларға қол жеткізу немесе пайдалану шарттары, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін жауапкершілігі белгіленетін келісімді әзірлеу. Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және басқа да құжаттарды келісу. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша құжаттамалық ресімдеуді бақылау саласындағы тәжірибесін зерделеу. ҚӨК ғылыми-технологиялық даму саласындағы негізгі мәселелерді анықтау жөнінде талдау жүргізу. ҚӨК ғылыми-технологиялық әлеуетін дамыту бойынша ұсыныстар енгізу. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру. ҚР ҚӨК кәсіпорындарымен өзара іс-қимылын үйлестіруді жүзеге асыру. Басқа да мемлекеттердің әскери және қосарланған мақсаттағы өнім шығаратын кәсіпорындарды дамыту саласындағы тәжірибесін зерделеу. Әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Министрліктің қызметін үйлестіру.Қаружарақтың, әскери және арнайы техниканың озық үлгілерін импорттау және әскери және қосарланған мақсаттағы өнім өндіру мақсатыда әскери-техникалық ынтымақтастықты жүргізу. Шет елдердің әскери мақсаттағы өнімдердің халықаралық көрмелерін өткізу тәжірибесін зерделеуді ұйымдастыру. Әскери-техникалық саясатты және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүргізуді ұйымдастыруға қатысу, қорғаныс мақсаттағы жарнамалық көрме қызметіне қатысу кезінде басқарма жұмысын үйлестіру. Қару-жарақ пен әскери техниканың халықаралық көрмелеріне баруды ұйымдастыруға қатысу. Министрлік басшылығының халықаралық сапарлары мен әскери мақсаттағы өнімдер көрмелерін өткізу бойынша үйлестіруді жүзеге асыру. Әскери өкілдіктермен өзара іс-қимылға қатысу. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 19.03.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.03.2025 – 27.03.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-64