ҚР ӨҚМ Ішкі аудит департаменті Мемлекеттік аудит басқармасының басшысы санаты C-3 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

398288

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес

Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалды міндеттер

Басқарма жұмысын ұйымдастыру. Мемлекеттік аудиттің жалпы және рәсімдік стандарттарын сақтау/Басқарма қызметкерлерімен сақталуын бақылау. Тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде (оның ішінде ведомстволық бағынысты ұйымдар бөлігінде, олардың бағдарламалық құжаттар көрсеткіштерін орындауын талдау және мониторингілеу нәтижелерінің негізінде) мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін әзірлеу. Тәуекелдердің сапалық және сандық талдау нәтижелерінен тұратын, сондай-ақ тәуекелдердің өлшемшарттары мен себептерін қамтитын тізілімін/тізбесін әзірлеу. Тәуекелдер тізіліміне/тізбесіне өлшемшарттарды (жаңа) әзірлеу және мерзімді негізде тәуекел өлшемшарттарының тиімділігіне (өзектілігіне) мониторинг жүргізу. Тәуекелдерді талдау және сәйкестендіру, тәуекелдердің туындау себептері мен белгілерін анықтау. Министрлікте, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдары мен мекемелерінде олардың қызметтерінің барлық бағыттары бойынша ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларымен белгіленген тәртібінде сәйкестік аудитті және тиімділік аудитті жүргізу. Қаржылық есептіліктің аудитін жүргізуге қатысу. Республикалық бюджеттің қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтардың жолын кесу, оларға жол бермеу, анықталған кемшіліктерді жою, Министрлік, оның ведомстволары, аумақтық бөлімшелері, ведомстволық бағынысты ұйымдары мен мекемелер қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдармен бірге ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы есепті кейіннен Департамент басшылығына енгізу үшін дайындау. Департамент басшылығының тапсырмасы бойынша, оның ішінде мемлекеттік аудит объектілерінде анықталған бұзушылықтардың туындауына ықпал ететін себеп-салдарлық факторларды зерделеу бойынша талдамалық жұмыстарды одан әрі бұзушылықтарға жол бермеу және жалпы Министрлік қызметінің жұмыс істеу тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлей отырып жүргізу. Ішкі процестердің (бизнеспроцестердің) тәуекелдерін басқару жүйесі негізінде Министрлікте, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдары мен мекемелерінде ішкі бақылау мен басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүзеге асыру. Мемлекеттік аудит материалдарын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорға және уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне орналастыру/орналастыруын бақылау. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау және бағалау жүргізу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 26.02.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.02.2025 – 03.03.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

8-7172) 98-33-64