Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитетінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау басқармасының бас сарапшысы , (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезінде 08.05.2025ж. дейін), C-4 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
297585
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Әскери іс
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Автоматтандыру және басқару
- Машина жасау
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Авиациялық техника және технологиялар
- Теңіз техникасы мен технологиялар
- Аспап жасау
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Қаржы
- Автомобиль жолдары мен аэродромдар салу
Қосымша талаптар
Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес
Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтау. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етеді, заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде азаматтардың өтініштерін қарайды, олар бойынша қажетті шараларды қабылдайды. Өзіне берілген құқықтар шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөнінде шаралар қабылдайды. Туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы комитеттің тікелей басшысына ол туралы белгілі болған бойда жазбаша нысанда хабарлайды. Мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтайды. Заңнамада белгіленген қызметтік әдеп нормаларын сақтайды. Өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы басшылықтың назарына немесе Құқық қорғау органдарына жеткізеді. Белгіленген мерзімде басшылықтың бұйрықтарын, өкімдері мен тапсырмаларын орындайды. Өз құзыреті шегінде Комитеттің Стратегиялық жоспарын әзірлеуге және қалыптастыруға қатысу. Министрліктің және Комитеттің басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің сұрау салулары бойынша ақпарат береді. Өз құзыреті шегінде басқа мемлекеттік органдардан келіп түсетін нормативтік құқықтық актілерді келіседі. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіруді жүзеге асырады. Лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде саяси партиялардың, діни және өзге де қоғамдық бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға тиіс. Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны, оның ішінде мемлекеттік қызмет тоқтатылғаннан кейін де заңда белгіленген уақыт ішінде сақтау, бұл туралы жазылым беріледі. Азаматтардың жеке өмірін, ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын қызметтік міндеттерін атқару кезінде алынған мәліметтерді құпия сақтауға және заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат беруді талап етпеуге. Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті тек қызметтік мақсатта пайдалану. Бронды қару-жарақ пен техника, автомобиль техникасы, оқ-дәрілер, байланыс техникасы, арнайы әскерлер техникасы, арнайы және қос мақсаттағы техникалық құралдар, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің авиациялық техникасы мен техникасы, зымыран-артиллериялық қару-жарақ, әскери қару-жарақ пен техника теңіз күштерінің техникасы, арнайы әскерлердің техникасы, радио барлау құралдары, байланыс техникасы, авиациялық техника және әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің техникасы, зымыран-артиллериялық қару-жарақ, қорғаныс объектілерін салу және күрделі жөндеу бағыттары бойынша Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шарттарының жобаларын дайындау. Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шарттарына шарттар мен қосымша келісімдердің жобаларын дайындау үшін қаржылық құжаттарды (жоспарлы калькуляциялар мен түсіндірме жазбалар және т.б.) зердттеу. Мемлекеттік қорғаныс тапсырысының жасалған шарттарының есебін және мониторингін жүргізу. Әрбір шарт бойынша досье қалыптастыру және оны сақтауды қамтамасыз ету. Әрбір шарт бойынша жұмыс жоспарын жасау және оның орындалуын бақылау. Мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау мәселелері бойынша алушының бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау. Әр шарттың орындалу барысы туралы басқарма басшысына апта сайын баяндау. Шарттардың орындалу барысы туралы басшылыққа ақпараттық анықтамалар дайындау. Міндеттемелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда, экономикалық ықпал ету шараларын қабылдау үшін ақпаратты заң қызметіне жіберу. Қазақстан Республикасының Үкіметіне қорғаныс Тапсырысының орындалуы туралы жыл сайынғы есеп дайындау. Мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу. Басқарманың құзыретіне кіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де міндеттерді орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.moldagalieva@mps.gov.kz
- г. Астана, проспект Кабанбай батыра, 32/1, здание «Транспорт Тауэр»
-
983432