ҚР ӨҚМ Қоғамдық коммуникациялар департаменті БАҚ-пен және жеке, заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің жүктілікке және босануға байланысты демалысы кезеңіне 27.04.2025 ж. дейін) (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

225429

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Информатика
  • Тарих
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Халықаралық қатынастар
  • Мәдениеттану
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Кеден ісі
  • Баспа ісі
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Психология
  • Журналистика
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Қоғамдық байланыс
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Жылу энергетикасы
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес

Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалды міндеттер

Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру мәселелері бойынша өзара ісқимылды жүзеге асыру. Министрлік басшылығының баспасөз конференцияларын, брифингтерін, сұхбаттарын және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен басқа да кездесулерін ұйымдастыру және өткізу. Министрліктің қызметі туралы баспасөз релиздерін, баспасөз анонстарын, ақпараттықанықтамалық материалдарды, бейне-, фото-, аудиоматериалдарды дайындау және бұқаралық ақпарат құралдарында тарату. Бұқаралық ақпарат құралдарында Министрлік басшылығының сұхбатын дайындау үшін материалдар жинауды жүзеге асыру. Бейіндік тақырып бойынша ақпараттық материалдарды, мақалаларды жариялау және орналастыру мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау. Министрліктің қызметін жариялау бойынша баспасөз пулына кіретін журналистердің тізімін қалыптастыру. Бұқаралық ақпарат құралдарының сұрауларына жауаптар дайындау. Министрліктің қызметі туралы БАҚ-тағы, әлеуметтік желілердегі және мессенджерлердегі сыни және теріс материалдарға дереу ден қою. Республикалық бірыңғай медиа жоспарға ұсыныстарды қалыптастырады, Министрліктің Медиа-жоспарын (тиісті жылға, тоқсанға, айға), қажет болған жағдайда, Министрліктің салалары бойынша медиа-жоспарды әзірлеуді жүргізеді. Министрлік басшылығының бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу кестесін әзірлеу. МО ИРБП-ны, «Ашық деректер», «Ашық диалог» және т. б. уақтылы толтыру және жүргізу бойынша ұйымдастыру. Министрліктің ресми интернет-ресурсын сапалы контенттік толықтыруды қамтамасыз ету. Әлеуметтік желілерде Министрліктің ресми аккаунттарын жүргізу және сүйемелдеу. Баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг және талдау жүргізуді ұйымдастыру және Министрлік басшылығына олардың нәтижелері бойынша жарияланымдарға шолу (дайджест) дайындау. Жұртшылықтың жоғары мүдделілігіне әкеп соққан жария етілген депутаттық сауалдарға жедел ден қою (аралық баспасөз релиздеріне сұрау салу немесе жария депутаттық сауалдарға жауаптар). Жеке және заңды тұлғалардан қағаз және электрондық жеткізгіштерде келіп түсетін өтініштерді, оның ішінде интернет-ресурстар арқылы бейнеөтініштерді қабылдау және тіркеу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін мониторингілеу және талдау, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру. «Ашық үкімет» порталында Министрдің блогын күнделікті жүргізу, министрдің блогына келіп түскен өтініштердің уақтылы қаралуын бақылау және оларға жауаптарды орналастыру. Министрлік басшылығының азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау кестесін жасау және интернет ресурстарда орналастыру. Министрлік басшылығының азаматтарды қабылдауын, оның ішінде «Аманат» партиясының қоғамдық қабылдауы арқылы бекітілген кестеге сәйкес ұйымдастыру. Жеке қабылдау бойынша хаттамалардың орындалуын бақылау. Министрлікте азаматтарды қабылдау бойынша есепті дайындау және мемлекеттік органдардың интернет ресурстары мен Интранет порталында орналастыру. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне өтініштер бойынша Ф2ГО нысанды статистикалық есепті күн сайын ұсыну. Өтініштер, оның ішінде Президенттің Виртуалды қабылдау бөлмесінен келіп түскен өтініштер бойынша статистикалық есепті Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне тоқсан сайын ұсыну. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін өтініштерді талдау, жүйелі проблемаларды анықтау және оларды шешу бойынша ұсынымдар әзірлеу. Басқарма қызметінің шегінде министрліктермен және ведомстволармен, жеке және заңды тұлғалармен хат алмасу. Басқарма қызметінің шегінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне ұсыныстар мен ескертулер жіберу. Уәкілетті органдар белгілеген есеп нысандарының барлық түрлерін дайындау және уақтылы енгізу. Министрлік шегінде Ақпаратқа қол жеткізу жөніндегі комиссия шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету. Департамент ережесінде және лауазымдық нұсқаулықтарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнамасында белгіленген өзге де құқықтарды, міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 23.01.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

24.01.2025 – 28.01.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

98-33-64