ҚР ӨҚМ Салааралық үйлестіру департаменті директорының орынбасары, санаты C-2 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
649283
Жалпы біліктілік талаптары
С-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, С-О-2, D-O-2, D-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Инженерия және инженерлік іс
- Өндірістік және өңдеу салалары
- Информатика
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Кеден ісі
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Құрылыс
- Көлік құрылысы
- Қаржы
Қосымша талаптар
Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес
Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Функционалды міндеттер
Департаментке жалпы басшылық жасау; Департаменттің тиімді қызметін қамтамасыз ету; Департамент қызметкерлерінің құжаттардың орындалу сапасын қамтамасыз ету және еңбек тәртібінің сақталуын бақылау; Министрліктің бірінші басшысын және оның тапсырмасы бойынша Министрлік басшылығын Департаменттің құзыретіне кіретін қажетті талдамалық, ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету; Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары шеңберінде Министрлік қызметінің жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру; Департаменттің Министрлікте жобаларды басқару жүйесін енгізу және дамыту жөніндегі жұмыстарды жүргізу; стратегиялық дамыту бағыттарын әзірлей отырып, Министрліктің жұмыс жоспарларын әзірлеу және бекіту; Департамент құзыреті шеңберінде Үкімет отырыстарына, селекторлық және басқа да кеңестерге материалдар дайындау; Министрдің сөз сөйлеулеріне баяндамалар, талдамалық есептер, ақпараттық, презентациялық және өзге де материалдар мен тезистерді әзірлеу және қарау; Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, нұсқаулықәдістемелік материалдардың және өзге де құжаттардың жобаларын әзірлеу; Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдау; Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша ведомствоаралық комиссиялардың (жұмыс топтарының) жұмысына қатысу; Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, өзге де мемлекеттік органдармен, Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарымен жұмысты ұйымдастыру және өзара іс-қимыл жасау; Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тапсырмалар мен тапсырмаларды Министрлік басшылығының бақылау тапсырмаларының уақтылы орындалуын қамтамасыз ету үшін орынбасарлар арасында бөлу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
g.azhibayeva@mps.gov.kz
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
(8-7172) 98-33-64