ҚР ӨҚМ Жер қойнауын пайдалану департаменті талдау және лицензиялықкелісімшарттық талаптарды орындау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты 3 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

297585

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Геология
  • Құқықтану
  • Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
  • Тау-кен ісі
  • Мұнай газ ісі
  • Металлургия
  • Геодезия және картография
  • Кадастр

Қосымша талаптар

Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес

Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалды міндеттер

Жер қойнауын пайдаланушылардың лицензиялық-келісімшарттық талаптарды орындауын мониторингтеу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру, келісімшарттар мен лицензиялар бойынша индустриялық-инвестициялық қызмет жобаларының іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру; уранды, жер асты суларын және емдік балшықтарды қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды бұзуды жүзеге асыру, берілген лицензияларды кері қайтарып алу жөнінде шаралар қабылдау (жер қойнауын пайдаланушыға лицензияларды кері қайтарып алу туралы хабарламалар жіберу), жер қойнауын пайдаланушылардың лицензиялық-келісімшарттық талаптарды орындауын талдауды жүзеге асыру, уранды, жер асты суларын және емдік балшықтарды қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар бойынша келісімшарттардың әрекеттерін бұзу және қайта бастау жөніндегі бұйрықтардың жобаларын дайындау, жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау жөніндегі бұйрықтардың жобаларын дайындау, жер қойнауын пайдаланушылармен лицензиялық-келісімшарттық талаптарды орындау шарттары бойынша хат алмасуды жүзеге асыру, жер қойнауын пайдаланушыларға Министрліктің жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша мүдделерін білдіру, Басқарманың құзыреті шеңберінде басшылықтың өзге де тапсырмалары құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманың нормаларын түсіндіруге қатысады; Қазақстан Республикасында өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасының стандартын іске асыру жөніндегі жұмысты жүзеге асыру. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талдау, әзірлеу жөніндегі жұмысты жүзеге асыру; жер қойнауын пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге бағытталған жұмыс топтарын ұйымдастыру; Министрліктің стратегиялық жоспары шеңберінде жер қойнауын пайдалану саласын дамытуды стратегиялық жоспарлау жөнінде ұсыныстар әзірлеу; Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау; келісімшарттар мен лицензиялар бойынша индустриялық-инвестициялық қызмет жобаларының іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру; басқару мәселелері бойынша жұмыс топтарына қатысу; Басқарманың құзыреті шегінде жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша мемлекеттік мүдделерді қорғау мақсатында сот процестеріне қатысу; құжаттарды дайындау және Министрліктің мүдделерін білдіру; заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнама нормаларын түсіндіруге қатысу; тарату жоспарына кешенді сараптама жүргізу, Департамент және Министрлік басшылығының тапсырмаларын орындау Басқарманың құзыреті шеңберінде. Жер қойнауын пайдалану саласын дамыту мақсатында іс-шараларды іске асыру кезінде бюджеттік жоспарлауды жүзеге асыру: салада бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды жүзеге асыру мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру (дайындау, сүйемелдеу, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық мемлекеттік органмен өзара іс-қимыл жасау), бюджет қаражатын игеру кезінде қаржы рәсімдеріне бақылауды жүзеге асыру, Министрліктің кадр мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасау. өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық келісімдердің, өзара түсіністік туралы меморандумдардың, реттелетін салалардағы ынтымақтастық туралы хаттамалардың жобаларын әзірлеу және келісу жөніндегі жұмысты жүзеге асыру, Азия елдерімен, Таяу Шығыс елдерімен, Кеден одағы елдерімен, сондай-ақ Солтүстік және Оңтүстік елдермен минералдық-шикізат ресурстары нарығын дамыту мақсатында өзара тиімді халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруға қатысу Америка, Еуропа және Австралия елдері, саланы дамыту үшін Имидждік саясат бойынша жұмыс жүргізу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 09.10.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.10.2024 – 14.10.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-64