ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитеті Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды лицензиялау және бақылау басқармасының бас сарапшысы , санаты C-4 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

297585

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Машина жасау
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Авиациялық техника және технологиялар
  • Аспап жасау
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Органикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
  • Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
  • Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану
  • Ғарыш техникасы және технологиялары
  • Қаржы
  • Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
  • Мемлекеттік басқару
  • Ақпаратты өңдеу және беру процестерін автоматтандыру және механикаландыру
  • Биологиялық белсенді қосылыстардың химиялық технологиясы

Қосымша талаптар

Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес

Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалды міндеттер

Екінші санаттағы лицензиялар мен рұқсаттарды беру кезінде немесе беруден бас тарту туралы біліктілік және рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу: тауарлардың, өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензиялар; өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау транзитіне рұқсаттар, кепілдік міндеттемелер (түпкілікті пайдаланушы сертификаттары), өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытындылар, өзіндік ерекшелігі бар тауарларды үшінші тұлғаларға беруге рұқсаттар; қатты пайдалы қазбаларды өндіруді, кен орындарындағы жұмыстарды,  шахталар мен шахталарда жұмыстарды, шикізат ұңғымаларын жөндеуді, химиялық өндірісті қоса алғанда, кіші түрлері бойынша тау-кен және химия өндірісін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру кезінде біліктілік талаптарына және рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу; жетекшілік ететін төраға орынбасарының шешімі бойынша қазақстан республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қарауға және шығару бойынша лицензиаттардың белгіленген біліктілік талаптарын сақтауына лицензиядан кейінгі бақылауды жүзеге асыруға қатысу; лицензиаттар мен екінші санаттағы рұқсаттардың иелері жөніндегі рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны туралы хаттамалар жасауға қатысу; өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау және лицензиялау саласындағы, оның ішінде үздік халықаралық тәжірибелер негізінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау және лицензиялау саласындағы комиссиялардың (комитеттердің, жұмыс топтарының) жұмысы үшін есептерді, баяндамаларды және өзге де құжаттарды дайындауға қатысу; шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен экспорттық бақылау саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру бойынша материалдар мен ұсыныстар дайындауға қатысу; бекітілген істер номенклатурасына сәйкес басқарманың құжаттарын мұрағатқа уақтылы беру (тапсыру) бойынша жұмысты ұйымдастыру; комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 19.09.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.09.2024 – 24.09.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-64