ҚР ӨҚМ Заң департаменті Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің оқу бойынша демалысы кезеңіне 30.06.2025 ж. дейін), С-4 санаты
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
258893
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес
Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Функционалды міндеттер
Шарттар бойынша қорытынды әзірлеу, азаматтардың, оның ішінде Министрліктің лауазымды тұлғаларының әрекеттері мен шешімдеріне қатысты шағымдарды қарастыру. Министрліктің басшылығына қол қою ұсынылатын бұйрық жобаларына сараптама жүргізу. Оның құзыреттілігіне кіретін құқықтық мәселелер бойынша Министрліктің атынан заңнамалық актілерде көзделген түсініктерді беру. Сотта өкілдік ету. Талап қоюларды, талап қоюларға пікірлерін, апелляциялық және кассациялық шағымдарын, өтінішхаттарын және құқықтық сипаттағы өзге де құжаттарын әзірлеу және ұсыну. Талап-арыз жұмысы туралы ақпаратты жинау, сақтау және есептеу мақсатында Министрліктің талап қоюлар өндірісі бойынша тізілімді жүргізу. Министрліктің талап-арыз жұмысының жайкүйіне талдау жүргізу. Заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз етеді. Басшылық жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
g.azhibayeva@mps.gov.kz
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
(8-7172) 98-33-64