ҚР ӨҚМ Ішкі аудит департаментінің ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі бас сарапшысы, санаты C-4 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

258893

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

Қосымша талаптар

Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес

Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалды міндеттер

Департаментке жүктелген міндеттерді және өз функцияларын уақтылы және сапалы жүзеге асыру. Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы іс-шаралар жоспарын дайындауға қатысу. Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау. Жергілікті-есептік желінің қауіпсіздігін мониторингілеу. Кибершабуылдарға қарсы іс-қимыл; алдын алу іс-шараларын жүргізу және ақпараттық қауіпсіздік жағдайын тексеру. Министрліктің АЖ осалдықтарын анықтау және оларды жою бойынша жұмыстарды үйлестіру. Пайдаланушыларды сәйкестендіру, аутентификациялау және қол жеткізуді басқару құралдарын қолдану жөніндегі талаптарды сақтауды қамтамасыз ету. Департаменттің құзыреттілегіне кіретін ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша хаттардың жобалары мен ақпаратты дайындау. Департаменттің құзыреттілегіне кіретін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. Департаменттің құзыреттілегіне кіретін ақпараттық қауіпсіздік мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және дайындау. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттаманы (құжатталған қағидалар, рәсімдер, практикалық тәсілдер немесе басшылық қағидаттар) әзірлеу. Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерге, оның ішінде қолдану практикасын ескере отырып, нормативтік құқықтық базасын жетілдіру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстарды пысықтау. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бөгде ұйымдарды тартқан жағдайда олардың иесі немесе иеленушісі аталған объектілермен жұмыс істеу, оларға қол жеткізу немесе пайдалану шарттары, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін жауапкершілігі белгіленетін келісімді әзірлеу. Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және басқа да құжаттарды келісу. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша құжаттамалық ресімдеуді бақылау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 16.09.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.09.2024 – 19.09.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-64