ҚР ӨҚМ Салааралық үйлестіру департаменті Стратегиялық жоспарлау және бағдарламалық құжаттарды мониторингілеу басқармасының бас сарапшысы , санаты C-4 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

258893

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Инженерия және инженерлік іс
  • Өндірістік және өңдеу салалары
  • Информатика
  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Кеден ісі
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Құрылыс
  • Көлік құрылысы
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес

Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалды міндеттер

Басқармада мыналарды: - Министрліктің даму жоспарын, операциялық жоспарын әзірлеу, бекіту, түзету және мониторингілеу бойынша; - Министрліктің даму жоспарының нысаналы индикаторларының есептеу әдістемесін әзірлеу және уәкілетті органдармен келісу; - Басқарма құзыретіне кіретін мемлекеттік жоспарлау жүйесінің стратегиялық құжаттардың қатысуы, әзірленуі және келісілуі бойынша; - Мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; - Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің стратегиялық құжаттарын іске асыру туралы есепті дайындауға қатысу бойынша; - «Мақсаттарға қол жеткізу» бағыты бойынша Министрліктің қызметіне болжамды талдауды және тиімділігін бағалауды жүзеге асыру бойынша; - Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық даму болжамы мен қорытындыларын қалыптастыру бойынша; - Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде, мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда өтетін отырыстарда, кеңестерде, жұмыс топтарында қатысу бойынша; - Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің ресми Интернетресурсында ақпаратты уақтылы дайындау және жариялау бойынша; - Басқарма құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен және ведомстволарымен өзара іс-қимыл жасау бойынша; - Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Үкімет Аппараты, Департамент пен Министрліктің басшылығы үшін талдамалық ақпарат, ұсыныстар, анықтамалар және басқа да материалдар (тезистер, анықтамалар, презентациялар) дайындау бойынша; Басқарма құзыреті шеңберінде мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттарын (Президент Жолдаулары, жол карталары, кешенді жоспарлар, шаралар, жалпыұлттық іс-шаралар жоспарлары) әзірлеу, өзектендіру және іске асыру мониторингі жөніндегі жұмысты үйлестіруді қамтамасыз етеді. Басқарманың құзыреті шеңберінде ҮБК бағдарламалық құжаттары мәселелері бойынша кеңестерге материалдар (Мемлекет Басшысының Жолдауындағы іс-шараларды іске асыру жөніндегі жыл сайынғы жалпыұлттық жоспарлар, Жол карталары, кешенді жоспарлар) дайындау бойынша үйлестіруді қамтамасыз етеді. Департамент басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 22.08.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.08.2024 – 27.08.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-64