ҚР ӨҚМ Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасының бас сарапшысы , санаты C-4 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
297585
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Ақпараттық қауіпсіздік
- Информатика
- Аударма ісі
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Көлік құрылысы
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
- Қаржы
- Автоматтандырылған басқару жүйелері
Қосымша талаптар
Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес
Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Функционалды міндеттер
Басқарма жұмысын ұйымдастыру; мемлекеттік құпияларға рұқсат рәсімделуі тиіс қызметкерлердің лауазымдар номенклатурасын әзірлеуге және оны тиісті органдармен келісуге қатысу; құпия тасушылардың ішінен шетелдерге қызметтік іссапарға жіберілетіндерге нұсқаулық жүргізу; құжаттардың құндылығын сараптауға қатысу; Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде құпиялық режимнің сақталуын тексеруге қатысу; құпиялық хат-хабарларды қабылдау мен жіберуді жүзеге асыру; орындаушыларға құпия құжаттарды беру; Министрлік бойынша құпия іс номенклатурасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатымен келісу; құпия құжаттардың бар болуын жартыжылдық және жылдық тексерулерге қатысу; арнайы байланыстың қауіпсіздігін ұйымдастыруға қатысу, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ісшаралар жоспарын дайындауға, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мамандардың біліктілігін арттыруға қатысу. Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы стратегиялық құжаттарды іске асыру жөніндегі есептерді дайындау; жергілікті-есептік желінің қауіпсіздігін мониторингілеу; кибершабуылдарға қарсы іс-қимыл; ақпараттық қауіпсіздік жағдайын тексеру және алдын алу ісшараларын жүргізу; Министрліктің АЖ осалдықтарын жою бойынша жұмыстарды анықтау және үйлестіру; басқарманың құзыреттілігіне кіретін мәселелер бойынша хаттар мен ақпараттар жобаларын дайындау; басқарманың құзыреттілігіне кіретін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру; басқарманың құзыреттілігіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және дайындауға қатысу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
g.azhibayeva@mps.gov.kz
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
(8-7172) 98-33-64