ҚР ӨҚМ Қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық саясат департаменті тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту басқармасының бас сарапшысы, санаты C-4 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
297585
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Су ресурстары және суды пайдалану
- Сәулет
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Инженерлік жүйелер және желілер
Қосымша талаптар
Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес
Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Функционалды міндеттер
Лауазымдық нұсқаулықтарға, Министрлік және Департамент туралы, Басқарма туралы ережелерге, Министрліктің регламентіне сәйкес тапсырмаларды орындау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарды әзірлеуге және талдау жүргізуге қатысады, құзыреті шеңберінде басқа мемлекеттік органдар әзірлеген нормативтік құқықтық актілерді қарайды, келіседі, құзыреті шеңберінде Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру бойынша ақпаратты жалпылауды және талдауды жүзеге асырады, тұрғын үй қатынастары және тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттық жүйелермен жұмыстарға қатысады, реттелетін салада халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, өз құзыреті щеңберінде мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспар жобаларын келісуге қатысады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
g.azhibayeva@mps.gov.kz
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
(8-7172) 98-33-64