ҚР ИИДМ Қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту департаменті директорының орынбасары

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Орташа лауазымдық айлықақы

-

Білімге қойылатын талаптар

Мамандығы

  • Математика
  • Физика
  • Информатика
  • Химия
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Ядролық физика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
  • Машина жасау
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Авиациялық техника және технологиялар
  • Теңіз техникасы мен технологиялар
  • Аспап жасау
  • Электр энергетикасы
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Техникалық физика
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
  • Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
  • Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы
  • Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану
  • Ғарыш техникасы және технологиялары
  • Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
  • Әскери іс және қауіпсіздік (білім саласы)
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Электрондық пошта арқылы ұсынылған файлдардың көлемі 10мб аспауы тиіс.

Функционалды міндеттер

Департамент қызметін үйлестіруді жүзеге асыру. Департаментке жүктелген функциялардың уақытылы және сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Департамент директорына Департаменттің жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу. Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарауын бақылауды жүзеге асыру. Департаменттің қызметкерлерінен Министрлік басшылығының бұйрықтарын, тапсырмаларын лайықты орындауын қамтамасыз ету.  ҚР қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының өндірістік мүмкіндіктері туралы ақпарат жинауды және қорытуды, оның ішінде іс жүзінде зерделеу арқылы ақпарат жинауды және қорытуды, сондай-ақ отандық кәсіпорындарды дамыту бойынша ұсыныстар жасап шығаруды жүзеге асыру. Министрлік басшылығының қатысуымен халықаралық іс-шараларға талдау жүргізу. ҚР ҚК қаруландыру, отандық өндіріс қару-жарағымен, әскери техникамен, әскери мүлікпен жарақтандыру нарығына талдау жүргізу. Бағыт бойынша өнім жасау, жөндеу және жаңғырту бойынша отандық кәсіпорындардың мүмкіндіктері туралы ақпаратты жүйелеуді жүзеге асыру. ҚР ҚӨК кәсіпорындарының сыртқы экономикалық қызметін мониторингілеуді жүзеге асыру. Министрліктің ҚР ҚӨК кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасауын үйлестіруді жүзеге асыру. Әскери және қос мақсаттағы өнім шығаратын кәсіпорындарды дамыту саласындағы өзге мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу. Күнделікті қызмет барысында мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету. Уәкілетті мемлекеттік органның экспорттық бақылауға жататын өнімді транзиттеуге, кері экспорттауға арналған рұқсаттама беруін келісу. Мынадай салалардағы қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асыру: босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құртып жіберу, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу; монтаждауды, баптауды, жаңғыртуды, орнату, пайдалануды, сақтауды, жөндеу және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, оларға қосалқы бөлшектерді, жиынтықтаушы бұйымдар мен аспаптарды арнайы материалдарды, оларды шығаруға арналған жабдықтарды әзірлеу, шығару, жөндеу, сатып алу және өткізу; жауынгерлік қол атыс қаруы мен оған патрондарды әзірлеу, шығару, жөндеу, саудалау, сатып алу. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 24.07.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.07.2020 – 29.07.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-61, 8776-739-4999