Құқықтық сараптама басқармасының бас сарапшысы Заң департаменті (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 21.02.2025 ж. дейін), С-4 санаты (1 бірлік).

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

237596

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Құқық
  • Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс (білім беру саласы)
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі

Функционалды міндеттер

Министрліктің құзыреті шеңберінде қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мақсатында нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және сараптауға қатысу, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөніндегі жұмыс топтарына қатысу. Министрлік әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын құқықтық сүйемелдеу. Заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссиялардың отырыстарына материалдар дайындау. Министрлік әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ілгерілету туралы апта сайынғы ақпаратты дайындау. Министрліктің құзыреті шеңберінде қолданыстағы заңнамаларды жетілдіру мақсатында заң жобалары мен олардың реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттары, халықаралық шарттар жобаларын құрылымдық бөлімшелермен әзірлеу, сараптау және ресми құықтық қорытынды беру, ұйымдастыру. Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша Парламентте, басқа да мемлекеттік органдарда құрылатын жұмыс топтарына қатысу. Министрлік әзірлейтін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын құқықтық сүйемелдеу. Құрылымдық бөлімшелердің нормативтiк құқықтық актiлердiң құқықтық мониторингісі бойынша қызметтерін үйлестіру, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетiн, ескiрген және сыбайлас жемқорлықты тудыратын құқық нормаларын анықтау, олардың iске асырылуының тиiмдiлiгiн бағалау мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамасының жай-күйi туралы ақпаратты жинау, бағалау, талдау, сондай-ақ оның даму серпiнiн және қолданылу практикасын болжау бойынша, талдамалық ақпаратты даярлау, құқықтық мониторинг мәселелері бойынша басшылыққа ұсыныстар енгізу. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу бойынша шаралардың уақтылы қабылдануына бақылауды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 25.04.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.04.2024 – 30.04.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-34-32