ҚР ӨҚМ Қоғамдық коммуникациялар департаменті БАҚ-пен және жеке, заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс басқармасының басшысы (негізгі қызметкердің жүктілікке және босануға байланысты демалысы кезеңіне 29.08.2024 ж. дейін), С-3 санаты 1 бірлік
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Информатика
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Мәдениеттану
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Кеден ісі
- Баспа ісі
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Психология
- Журналистика
- Аймақтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Қоғамдық байланыс
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Жылу энергетикасы
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Қаржы
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
Қосымша талаптар
Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес
Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметіне басшылық етуді және үйлестіруді жүзеге асырады. Басқармаға жүктелген функциялардың мерзімді және сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Басқарма қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін айқындайды. Басқарманың қызметкерлеріне Басқарма қызметі саласына кіретін мәселелер бойынша орындалу үшін міндетті нұсқауларды береді. Басқарманың құзыретіне қатысты мәселелер бойынша шешімдерді қабылдайды және шығыс хат-хабарға қол қояды. Басқарманың қызметкерлерінің еңбек тәртібін және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтауын бақылауды жүзеге асырады. Сыбайлас жемкорлыққа қарсылық ету және Басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуі бойынша шараларды қабылдайды. Басқарма қызметкерлеріне келіп түсетін хат-хабарды орындалу үшін жазып жібереді. Министрлік қызметін ақпараттық сүйемелдеу бойынша есептерді дайындайды. Мемлекеттік органдармен хат алмасуды ұйымдастыруды жүзеге асырады, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлармен және журналисттермен ақпараттық сүйемелдеу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен баспасөз-конференцияларды, брифингтерді, кездесулерді ұйымдастыру және өткізу жұмыстарын үйлестіреді. Бұқаралық ақпарат құралдарының сұрау салуына жауаптарды дайындау бойынша жұмысты үйлестіреді. Министрліктің интернет-ресурсын жүргізуді үйлестіреді: мазмұнды толтыру, өзектілігіне күнделікті мониторинг жүргізу. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Аппаратының және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің хаттамалық тапсырмалары бойынша есептерді әзірлейді. Кіріс және шығыс хат-хабарды күн сайынғы мониторингін жүзеге асыру бойынша жұмыстарды үйлестіреді. Медиа-орталықтың жұмысын ұйымдастыру бойынша жұмыстарды үйлестіреді. Басқарманың жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді және қызметіне талдау жүргізеді. Министрлік басшылығының тапсырмаларын Басқарманың тиімді және уақытылы орындауын қамтамасыз етеді. Министрдің өңірлерде халықпен кездесуін ұйымдастырады. Министрлікте жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастуды үйлестіреді. Министрлікте жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуды және қаралуын бақылауды ұйымдастыруды, сондай-ақ арыз иелері көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау және талдау жүргізуді үйлестіреді. Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнен және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратынан е-Өтініш АЖ арқылы келіп түскен тапсырмаларды есепке алу және бақылауға алуды үйлестіреді. Кіріс және шығыс хатхабарды күн сайынғы мониторингін жүзеге асыру бойынша жұмыстарды үйлестіреді. Министрліктің регламентін сақтайды. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша қажетті алдын алу шаралар кешенін жүргізуді қамтамасыз етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейінің төмендеуі жағдайында Басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау бойынша қажетті жұмыстарды жүргізеді. Басқармада жағымды ахуал мен жағдай жасауға ықпал етеді. Ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттық технологиялар саласындағы талаптарды сақтайды. Департамент директоры болмаған жағдайда уақытша міндеттерін атқарады. Басқарманың құзырына жататын басқа да міндеттерді атқарады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
g.azhibayeva@mps.gov.kz
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
(8-7172) 98-33-64