ҚР ӨҚМ Жер қойнауын пайдалану департаменті Жер қойнауын пайдалануды талдау және дамыту басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты 1 бірлік
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Геология
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
- Тау-кен ісі
- Мұнай газ ісі
- Геодезия және картография
- Кадастр
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: география
- Геодезия
Қосымша талаптар
Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес
Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Функционалды міндеттер
Талдау бойынша жұмыстарды жүзеге асыру, нормативтік-құқықтық актілер жобаларын әзірлеу, жер қойнауын пайдалану саласында нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстарды пысықтауға бағытталған жұмыс топтарын ұйымдастыру, Министрліктің стратегиялық жоспары шеңберінде жер қойнауын пайдалану саласында стратегиялық жоспарлауды дамыту бойынша ұсыныстарды пысықтау; Министрліктің құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл, басқару мәселелері жөнінде жұмыс топтарына қатысу, басқарма құзыреті шеңберінде жер қойнауын пайдалану мәселелері жөнінде мемлекеттік мүдделерді қорғау мақсатында сот процестеріне қатысу; Министрліктің мүдделерін білдіру және құжаттарды дайындау; заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамалық нормаларын түсіндіруге қатысу; тарату жоспарына кешенді сараптама жүргізу, басқарма құзыреті шеңберінде Департамент және Министрлік басшылығының тапсырмаларын орындау. Жер қойнауын пайдалану саласын дамыту мақсатында іс-шараларды іске асыру кезінде бюджеттік жоспарлауды жүзеге асыру: салада бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды жүзеге асыру мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру (дайындау, сүйемелдеу, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық мемлекеттік органмен өзара іс-қимыл жасау), бюджет қаражатын игеру кезінде қаржылық рәсімдерге бақылауды жүзеге асыру, Министрліктің кадр мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
gaukhar_5@mail.ru
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
(8-7172) 98-33-64