ҚР ӨҚМ Кадр қызметі департаменті директорының орынбасары, С-2 санаты 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-2 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

611 721

Жалпы біліктілік талаптары

С-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, С-О-2, D-O-2, D-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Саясаттану
  • Психология
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес

Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалды міндеттер

Департамент басқармаларының жұмысына жалпы басшылық ету және үйлестіру; Департамент қызметкерлерінің атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асыру; өз құзыреті шегінде қызметкерлерді қабылдау және оларға кадр мәселелері бойынша консультация беруді жүзеге асыру; еңбек өтілін белгілеу, материалдық көмек көрсету жөніндегі комиссиялардың және конкурстық, тұрғын үй комиссиясының және ведомстволық наградалар жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру; кадрларды даярлау, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, тәлімгерлік мәселелерін және мемлекеттік наградалар жөніндегі жұмыстарды үйлестіру; тәртіптік комиссия және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мәселелерді үйлестіру. Басшылық жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 30.01.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

31.01.2024 – 08.02.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-64