Заң департаменті Құқықтық сараптама басқармасының сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 25.04.2024 ж. дейін), C-5 cанаты

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

153 751

Жалпы біліктілік талаптары

С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі

Қосымша талаптар

Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес

Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалды міндеттер

Министрліктің құзыреті шеңберінде қолданыстағы заңнамаларды жетілдіру мақсатында заң жобалары мен олардың реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттары, халықаралық шарттар жобаларын сараптау және ресми құқықтық қорытынды беру, ұйымдастыру. Министрлік әзірлейтін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын құқықтық сүйемелдеу. Заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның және басқа да консультативті-кеңесші органдар отырыстарына құзырет шегінде материалдарды әзірлеу. Үкіметтің заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалуына талдау жүргізу. Министрлік әзірлеген нормативтік құқықтық актілер жобалары туралы апта сайынғы, аналитикалық, есептік ақпараттарды даярлау. Нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізуді ұйымдастыруға қатысу, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетiн, ескiрген және сыбайлас жемқорлықты тудыратын құқық нормаларын анықтау, олардың iске асырылуының тиiмдiлiгiн бағалау мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамасының жайкүйi туралы ақпаратты жинау, бағалау, талдау, сондай-ақ оның даму серпiнiн және қолданылу практикасын болжау бойынша, талдамалық ақпаратты әзірлеуге қатысу, басшылыққа құқықтық мониторинг мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу. Құқықтық мониторинг және нормативтік құқықтық актілер мәселелері бойынша Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Министрліктің басшылығының және Департаменттің тапсырмаларын орындау бойынша сапалы шығыс құжаттарды дайындау мақсатында басшылықтың тапсырмаларына сәйкес Министрліктің құрылымдық бөлімшелерден келіп түскен ақпаратын жинауды және жинақтауды қамтамасыз ету. Министрліктің қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру. Басшылық жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 25.01.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.01.2024 – 05.02.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-64