ҚР ӨҚМ Ішкі аудит департаменті Мемлекеттік аудит басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес

Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалды міндеттер

Тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде (оның ішінде ведомстволық бағынысты ұйымдар бөлігінде, олардың бағдарламалық құжаттар көрсеткіштерін орындауын талдау және мониторингілеу нәтижелерінің негізінде) мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін әзірлеуге қатысу. Тәуекелдердің сапалық және сандық талдау нәтижелерінен тұратын, сондайақ тәуекелдің өлшемшарттары мен себептерін қамтитын тізілімін/тізбесін әзірлеуге қатысу. Тәуекелдер тізіліміне/тізбесіне өлшемшарттарды (жаңа) әзірлеу және мерзімді негізде тәуекел өлшемшарттарының тиімділігіне (өзектілігіне) мониторинг жүргізу. Тәуекелдерді талдау және сәйкестендіру, тәуекелдердің туындау себептері мен белгілерін анықтау. Министрлікте, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдары мен мекемелерінде олардың қызметтерінің барлық бағыттары бойынша ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларымен белгіленген тәртібінде сәйкестік аудитті және тиімділік аудитті жүргізу. Қаржылық есептіліктің аудитін жүргізуге қатысу. Республикалық бюджеттің қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтардың жолын кесу, оларға жол бермеу, анықталған кемшіліктерді жою және Министрлік, оның ведомстволары, аумақтық бөлімшелері, ведомстволық бағынысты ұйымдары мен мекемелер қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдармен бірге ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы есепті дайындау. Бұзушылықтарды болдырмау және жалпы Министрлік қызметінің жұмыс істеуінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды одан әрі әзірлеуімен бұзушылықтардың туындауына ықпал ететін себеп-салдарлық факторларды зерттеу жөніндегі талдамалық жұмыстарды жүргізу. Ішкі процестердің (бизнеспроцестердің) тәуекелдерін басқару жүйесі негізінде Министрлікте, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдары мен мекемелерінде ішкі бақылау мен басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүзеге асыру. Мемлекеттік аудиттің жалпы және рәсімдік стандарттарын сақтау. Мемлекеттік аудит материалдарын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорға және уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне орналастыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 25.01.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.01.2024 – 05.02.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-64