ҚР ӨҚМ Интеграция және халықаралық ынтымақтастық департаменті Екіжақты, көпжақты ынтымақтастық және хаттама басқармасының басшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 11.11.2026 ж. дейін),С-3 санаты
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
357 266
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Информатика
- Халықаралық қатынастар
- Шығыстану
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Саясаттану
- Аймақтану
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Қаржы
- Іскерлік әкімшілікжүргізу
- Құқықтану
Қосымша талаптар
Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес
Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Функционалды міндеттер
Басқарма жұмысын ұйымдастыру және басшылық ету, Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтау, Басқарманың құзыретіне кіретін құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Министрлік басшылығының қазақстандық делегация құрамына қатысуын қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде жоғары және жоғары деңгейдегі шетелдік сапарлар шеңберінде экономикалық ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсыныстар дайындау және Министрлік басшылығының сапарлары бойынша материалдардың толық пакетін дайындау. Халықаралық, аймақтық және үкіметаралық ұйымдармен және халықаралық қаржы институттарымен өзара іс-қимыл жасау. Министрлік бойынша Департамент жауапты болып табылатын бақылау тапсырмаларын орындау бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын жалпы үйлестіру және бақылау. Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі Басшысының, Премьер-Министрдің және Үкіметтің тапсырмаларын орындау жөніндегі ақпараттың сапасы мен уақтылы ұсынылуын қамтамасыз ету. Басқарма жұмысының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды департамент директорына енгізу. Министрлікке бекітілген үкіметаралық комиссиялардың ұйымдастырушылық-мазмұндық бөлігін дайындау, толық хаттамалық қолдау және отырыстар өткізу. Министрлік бойынша Департамент жауапты болатын бақылаудағы тапсырмаларды орындау бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын жалпы үйлестіру және бақылау. Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі Басшысының, Премьер-Министрдің және Үкіметтің тапсырмаларын орындау бойынша ақпаратты сапалы орындауды және уақтылы беруді қамтамасыз ету. Екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы саяси ведомствосымен және шет елдердегі мекемелерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
gaukhar_5@mail.ru
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
(8-7172) 98-33-64