ҚР ӨҚМ Кадр қызметі департаменті Тәртіптік іс басқармасының сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 28.08.2025 ж. дейін), С-5 санаты

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

180 517

Жалпы біліктілік талаптары

С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Су ресурстары және суды пайдалану
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Халықаралық қатынастар
  • Аударма ісі
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Саясаттану
  • Психология
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес

Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалды міндеттер

Белгіленген мерзімдерде министрліктер мен ведомстволардың қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізеді; Министрлік пен ведомстволардың мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің тәртіптік теріс қылығы туралы материалдар мен мәліметтерді жинауды және тексеруді жүзеге асырады; қызметтік тергептексеруді тағайындау, тоқтата тұру және қайта бастау, сондай-ақ тәртіптік жазаны қолдану және мерзімінен бұрын алып тастау туралы бұйрықтардың жобаларын дайындайды; Министрліктің және ведомстволардың комиссияларына тәртіптік жазаларды қарауға тиісті қорытындысы бар материалдарды ұсынады; Министрлік пен ведомстволардың тәртіптік комиссияларының қызметі бойынша қызметтік тергеулер жүргізу және материалдар дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; жүргізілген тәртіптік іс жүргізу қорытындылары бойынша ұсынымдар мен есептер дайындайды; жазаланған қызметкерлердің есебін жүргізеді, жаза түрлері бойынша ақпарат пен талдау дайындайды; қызметтік тергеулер мониторингін жүргізеді; өзіне қатысты қызметтік тергеу жүргізілген қызметші мен оның тікелей басшысын қызметтік тергеудің қорытындыларымен танысуы бойынша жұмысты жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен тәртіптік іс жүргізу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды; № 1-ші нысанның теріс себептері бойынша мемлекеттік қызметтен босатылған адамдарды есепке алу және мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасаған адамдарды есепке алу карточкаларын жасайды; жеке және заңды тұлғалардың тәртіптік іс жүргізу мәселелері бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің блогына келіп түскен өтініштерін қарайды; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады; «Е-Қызмет» ақпараттық жүйесінде кадрлық іс қағаздарын жүргізеді; құжаттарды мұрағатқа ресімдейді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 10.01.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.01.2024 – 19.01.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-64