ҚР ӨҚМ Қоғамдық коммуникациялар департаменті БАҚ-пен және жеке, заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс басқармасының сарапшысы, С-5 санаты

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

180 517

Жалпы біліктілік талаптары

С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Информатика
  • Тарих
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Халықаралық қатынастар
  • Мәдениеттану
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Кеден ісі
  • Баспа ісі
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Психология
  • Журналистика
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Жылу энергетикасы
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Туризм
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Профессиональная компетентность: Согласно Типовым квалификационным требованиям к административным государственным должностям корпуса «Б», утвержденным актом уполномоченного органа по делам государственной службы»

Практический опыт: Согласно Типовым квалификационным требованиям к административным государственным должностям корпуса «Б», утвержденным приказом Уполномоченного органа по делам государственной службы.

Функционалды міндеттер

Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру мәселелері бойынша өзара ісқимылды жүзеге асыру. Министрлік басшылығының баспасөз конференцияларын, брифингтерін, сұхбаттарын және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен басқа да кездесулерін ұйымдастыру және өткізу. Министрліктің қызметі туралы баспасөз релиздерін, баспасөз анонстарын, ақпараттықанықтамалық материалдарды, бейне-, фото-, аудиоматериалдарды дайындау және бұқаралық ақпарат құралдарында тарату. Бұқаралық ақпарат құралдарында Министрлік басшылығының сұхбатын дайындау үшін материалдар жинауды жүзеге асыру. Бейіндік тақырып бойынша ақпараттық материалдарды, мақалаларды жариялау және орналастыру мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау. Министрліктің қызметін жариялау бойынша баспасөз пулына кіретін журналистердің тізімін қалыптастыру. Бұқаралық ақпарат құралдарының сұрауларына жауаптар дайындау. Министрліктің қызметі туралы БАҚ-тағы, әлеуметтік желілердегі және мессенджерлердегі сыни және теріс материалдарға дереу ден қою. Республикалық бірыңғай медиа жоспарға ұсыныстарды қалыптастырады, Министрліктің Медиа-жоспарын (тиісті жылға, тоқсанға, айға), қажет болған жағдайда, Министрліктің салалары бойынша медиа-жоспарды әзірлеуді жүргізеді. Министрлік басшылығының бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу кестесін әзірлеу. МО ИРБП-ны, «Ашық деректер», «Ашық диалог» және т. б. уақтылы толтыру және жүргізу бойынша ұйымдастыру. Министрліктің ресми интернет-ресурсын сапалы контенттік толықтыруды қамтамасыз ету. Әлеуметтік желілерде Министрліктің ресми аккаунттарын жүргізу және сүйемелдеу. Баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг және талдау жүргізуді ұйымдастыру және Министрлік басшылығына олардың нәтижелері бойынша жарияланымдарға шолу (дайджест) дайындау. Жұртшылықтың жоғары мүдделілігіне әкеп соққан жария етілген депутаттық сауалдарға жедел ден қою (аралық баспасөз релиздеріне сұрау салу немесе жария депутаттық сауалдарға жауаптар). Уәкілетті органдар белгілеген есеп нысандарының барлық түрлерін дайындау және уақтылы енгізу. Министрлік шегінде Ақпаратқа қол жеткізу жөніндегі комиссия шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету. Министрліктің ресми интернет-ресурсын шет тілдерінде жүргізу. Департамент ережесінде және лауазымдық нұсқаулықтарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнамасында белгіленген өзге де құқықтарды, міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 10.01.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.01.2024 – 19.01.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-64