ҚР ӨҚМ Жер қойнауын пайдалану департаменті Лицензиялық-келісімшарттық талаптарды орындау басқармасының сарапшысы, С-5 санаты
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
180 517
Жалпы біліктілік талаптары
С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Геология
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
- Тау-кен ісі
- Мұнай газ ісі
- Геодезия және картография
- Кадастр
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: география
- Геодезия
Қосымша талаптар
Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес
Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Функционалды міндеттер
Жер қойнауын пайдаланушылардың лицензиялық-келісімшарт талаптарын орындауын мониторингілеу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру, уранды, жерасты суларын және емдік балшықты қоспағанда, пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды бұзуды жүзеге асыру, берілген лицензияларды қайтарып алу жөнінде шаралар қабылдау (жер қойнауын пайдаланушыға лицензияларды қайтарып алу туралы хабарламалар жіберу), жер қойнауын пайдаланушылардың лицензиялық-келісімшарт талаптарды орындауын талдауды жүзеге асыру, уранды, жерасты суларын және емдік балшықты қоспағанда, пайдалы қатты қазбалар бойынша келісімшарттардың іс-қимылдарын бұзу және қайта бастау жөніндегі бұйрықтардың жобаларын дайындау, жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау жөніндегі бұйрықтардың жобаларын дайындау, лицензиялық-келісімшарт талаптарын орындау шарттары бойынша жер қойнауын пайдаланушылармен хат алмасуды жүзеге асыру, сот талқылауларына материалдар дайындау, жинау, жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша Министрліктің мүдделерін білдіру, басқарма құзыреттілігі шеңберінде басшылықтың өзге де тапсырмалары, құзыреттілігі шегінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнама нормаларын түсіндіруге қатысады, Қазақстан Республикасында өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасының стандартын іске асыру бойынша жұмысты жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
gaukhar_5@mail.ru
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
(8-7172) 98-33-64