ҚР ӨҚМ Интеграция және халықаралық ынтымақтастық департаменті Екіжақты, көпжақты ынтымақтастық және хаттама басқармасының сарапшысы, С-5 санаты
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
208 062
Жалпы біліктілік талаптары
С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Информатика
- Халықаралық қатынастар
- Шығыстану
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Саясаттану
- Аймақтану
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Қаржы
- Іскерлік әкімшілікжүргізу
- Құқықтану
Қосымша талаптар
Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес
Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Функционалды міндеттер
Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу. Министрліктің құзыретіне кіретін үкіметаралық комиссиялар, кіші комиссиялар, жұмыс топтарының отырыстарын ұйымдастыруға және өткізуге қатысу. Шет мемлекеттермен екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды дамыту бойынша мониторинг жүргізу. Халықаралық, аймақтық және үкіметаралық ұйымдармен және халықаралық қаржы институттарымен өзара іс-қимыл жасау. Екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша сыртқы саясат бөлімімен және Қазақстан Республикасының шетелдік өкілдіктерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау. Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі Басшысының, ПремьерМинистрдің, Үкіметтің тапсырмаларын және Министрліктің бақылауындағы басқа да тапсырмаларды сапалы және уақтылы орындау. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне үкіметаралық комиссиялардың хаттамалары бойынша тоқсан сайынғы есепті дайындау және қалыптастыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
gaukhar_5@mail.ru
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
(8-7172) 98-33-64