ҚР ӨҚМ Өнеркәсіптік саясат департаменті Өнеркәсіп салаларындағы интеграциялық процестер басқармасының басшысы (негізгі қызметкердің оқу бойынша демалысы кезеңіне 30.06.2025 ж. дейін), С-3 санаты
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
422 437
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Бизнес және басқару
- Қоршаған орта
- Информатика
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Тау-кен ісі
- Металлургия
- Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
- Машина жасау
- Аспап жасау
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
- Органикалық заттардың химиялық технологиясы
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолданылу саласы бойынша)
- Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы
- Пайдалы қазбаларды байыту
- Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы
- Қаржы
- Жобаны басқару
- Жаратылыстану ғылымдары: Механика
- Жаратылыстану ғылымдары: химия
Қосымша талаптар
Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес
Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Функционалды міндеттер
Басқарманың қызметін ұйымдастыру және үйлестіру, индустриялық-инновациялық даму мәселелері бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды қалыптастыру; үдемелі индустриялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесінің, өнеркәсіптік даму жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру; Басқарманың құзыреті шегінде бюджеттік өтінімді қалыптастыру; индустриялықинновациялық даму мәселелері бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру; Басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау; Департамент басшылығының бақылаудағы құжаттары мен тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуына бақылауды жүзеге асыру, Министрлік пен департамент басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру; Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша іс-шаралар жоспарларын іске асыру жөніндегі жұмысқа қатысу; Басқарма құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарауға қатысу; Министрлік басшылығы үшін ақпараттық-талдау материалдарын дайындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
gaukhar_5@mail.ru
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
(8-7172) 98-33-64