ҚР ӨҚМ Өнеркәсіптік саясат департаменті Өнеркәсіп салаларындағы интеграциялық процестер басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (2 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Қоршаған орта
  • Информатика
  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Тау-кен ісі
  • Металлургия
  • Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
  • Машина жасау
  • Аспап жасау
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Органикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолданылу саласы бойынша)
  • Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы
  • Пайдалы қазбаларды байыту
  • Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: Механика
  • Жаратылыстану ғылымдары: химия

Қосымша талаптар

Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес

Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалды міндеттер

Индустриялық-инновациялық даму мәселелері бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды   әзірлеу;индустриялық-инновациялық даму саласындағы заңнаманы және нормативтік құқықтық құжаттарды жетілдіру мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарын әзірлеуге қатысу; индустриялық-инновациялық даму мәселелері бойынша кеңестер ұйымдастыру және өткізу; Қазақстан Республикасының индустриялық- инновациялық даму саласындағы заңнамасын жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ескертулер мен ұсыныстарды, сондай-ақ индустриялық-инновациялық даму бөлігінде басқада құжаттарды қарау, келісу және дайындау. Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша іс-шаралар жоспарларын іске асыру бойынша жұмысқа қатысу; бақылаудағы құжаттарды және Департамент пен Министрлік басшылығының басқа да тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау; Министрлік басшылығы үшін ақпараттық-талдау материалдарын дайындау.Департамент басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 12.12.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

13.12.2023 – 15.12.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-64