ҚР ӨҚМ Өнеркәсіптік саясат департаменті Өнеркәсіп салаларындағы интеграциялық процестер басқармасының басшысы (негізгі қызметкердің оқу бойынша демалысы кезеңіне 30.06.2025 ж. дейін), С-3 санаты

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Категория С-3

Орташа лауазымдық айлықақы

422 437

Жалпы біліктілік талаптары

С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі;

4) кеңесші лауазымына және көмекке жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Қоршаған орта
  • Информатика
  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Тау-кен ісі
  • Металлургия
  • Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
  • Машина жасау
  • Аспап жасау
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Органикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолданылу саласы бойынша)
  • Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы
  • Пайдалы қазбаларды байыту
  • Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: Механика
  • Жаратылыстану ғылымдары: химия

Қосымша талаптар

Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес

Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалды міндеттер

Басқарманың қызметін ұйымдастыру және үйлестіру, индустриялық-инновациялық даму мәселелері бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды қалыптастыру; үдемелі индустриялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесінің, өнеркәсіптік даму жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру; Басқарманың құзыреті шегінде бюджеттік өтінімді қалыптастыру; индустриялық-инновациялық даму мәселелері бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру; Басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау; Департамент басшылығының бақылаудағы құжаттары мен тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуына бақылауды жүзеге асыру, Министрлік пен департамент басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру; Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша меншік нысанын ақарамастан мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша іс-шаралар жоспарларын іске асыружөніндегі жұмысқа қатысу; Басқарма құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарауға қатысу; Министрлік басшылығы үшін ақпараттық-талдау материалдарын дайындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 12.12.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

13.12.2023 – 15.12.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-64