ҚР ӨҚМ Салааралық үйлестіру департаменті Салааралық үйлестіру және өңірлік даму мониторингі басқармасының басшысы, С-3 санаты

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Категория С-3

Орташа лауазымдық айлықақы

422 437

Жалпы біліктілік талаптары

С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі;

4) кеңесші лауазымына және көмекке жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Инженерия және инженерлік іс
  • Өндірістік және өңдеу салалары
  • Информатика
  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Кеден ісі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Құрылыс
  • Көлік құрылысы
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес

Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалды міндеттер

Басқармаға жалпы басшылық ету. Министрліктің басшылығын Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасарларының өңірлерді дамыту мәселелері жөніндегі селекторлық кеңестерге материалдармен үйлестіру және қамтамасыз ету, облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларды дамыту жоспарларын, Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жұмыс сапарлары мен кеңестерінің қорытындылары бойынша өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарларын, хаттамалық тапсырмаларды мониторингілеу, өзектендіру, қарау, келісу. Министрліктің Алқа отырыстарын, Министрдің және Аппарат басшысының басшылығымен аппараттық кеңестерді ұйымдастыру және өткізу және аппараттық кеңестерде берілген тапсырмалардың орындалуына мониторинг жүргізу. Міндеттермен байланысты Басқарма жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу. Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің отырыстары шеңберіндематериалдармен қамтамасыз ету. Министрліктің құзыретіне кіретін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және оларға сараптама жүргізуге қатысу. Басқарманың Министрлік пен Департамент басшылығының тапсырмаларын тиімді және уақтылы орындауын қамтамасыз ету. Департамент басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 24.11.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.11.2023 – 29.11.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-64