ҚР ӨҚМ Қаржы және корпоративтік басқару департаменті бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының басшысы, С-3 санаты
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
357 266
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі;
4) кеңесші лауазымына және көмекке жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Қосымша талаптар
Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес
Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметін жалпы басқару және үйлестіру. Атқарушылық тәртіпті, Басқарма қызметкерінің құзыреттілігі мен міндетін белгілеуді бақылау. Басқармаға жүктелген функцияларды уақтылы және сапалы орындауды бақылауды жүзеге асыру. Департамент басшылығын тиісті ақпаратпен және анықтамалармен қамтамасыз ету. Министрліктің Орталық аппараты бойынша бухгалтерлік есепті ұйымдастыру. Ұзақ мерзімді активтер мен қорлардың дұрыс есептелуін және кіріске алынуын жүзеге асыру. Қаржыландыру жоспарына сәйкес белгіленген тәртіппен өзгерістер енгізуді ескере отырып, қаражатты уақтылы, тиімді және мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру. Орталық аппарат, Комитеттер және өзге де ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер бойынша дебиторлық және кредиторлық берешегін төмендетуге және жоюға тұрақты мониторинг жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру. Еңбекақысын, жарналар мен салық аударымдарын уақтылы және сапалы есептеуін және аударуын бақылау. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің өнім берушілерімен шарттарды қазынашылық органдарында уақтылы тіркеуін, жеткізушілерге аударымдар қалыптастыруын бақылау. Бас кітапты жүргізу. Министрлік орталық аппараты бойынша қаржы және бюджеттік (теңгерім) есептілікті құрастыру. Министрлік бойынша топтастырылған қаржы және бюджеттік (теңгерім) есептілікті құрастыру. Тиісті есептердің уәкілетті органдарға белгіленген мерзімде ұсынылуын бақылау. Министрлік және Департамент басшылығының тапсырмасын Басқарманың тиімді және уақтылы орындауын қамтамасыз ету. Департамент басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
gaukhar_5@mail.ru
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
(8-7172) 98-33-64