ҚР ӨҚМ Интеграция және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары, С-2 санаты

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-2 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

611 721

Жалпы біліктілік талаптары

С-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, С-О-2, D-O-2, D-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Информатика
  • Халықаралық қатынастар
  • Шығыстану
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Саясаттану
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Әлемдік экономика
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Қаржы
  • Іскерлік әкімшілікжүргізу

Қосымша талаптар

Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес

Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалды міндеттер

Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының шет мемлекеттерімен халықаралық қатынастарын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуді үйлестіру және іске асыруды бақылау. Министрлік бойынша Департамент жауапты болатын бақылаудағы тапсырмаларды орындау бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын жалпы үйлестіру және бақылау. Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі Басшысының, Премьер-Министрдің және Үкіметтің тапсырмаларын орындау бойынша ақпаратты сапалы орындауды және уақтылы беруді қамтамасыз ету. Департамент директорына Департамент жұмысының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу. Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторына шетелдік инвестицияларды тарту жөнінде ұсыныстар қалыптастыру; инвестициялық қызметке байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, шетелдік өкілдіктермен, ұлттық компаниялармен және қазақстандық іскерлік қауымдастықтармен өзара іс-қимыл жасау, Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторына шетелдік инвестицияларды тарту мәселелері бойынша шетелдік инвесторлармен, халықаралық және шетелдік іскерлік қауымдастықтармен өзара іс-қимыл жасау; шетел капиталының қатысуымен экономиканың шикізаттық емес секторындағы инвестициялық жобаларды мониторингілеу. Министрлік, ҚР Үкіметінің басшылықтары мен ЕАЭО мүше мемлекеттердің қатысуымен Еуразиялық экономикалық одақ мәселелері бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 24.11.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.11.2023 – 29.11.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-64