ҚР ИИДМ Интеграция және халықаралық ынтымақтастық департаменті Екіжақты ынтымақтастық және хаттама басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Халықаралық қатынастар
- Шығыстану
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Саясаттану
- Аймақтану
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
Қосымша талаптар
Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының заңын және Қазақстан Республикасының сыртқы саяси тұжырымдамасын білу.
Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Функционалды міндеттер
Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу. Министрліктің құзыретіне кіретін үкіметаралық комиссиялар, кіші комиссиялар, жұмыс топтарының отырыстарын ұйымдастыруға және өткізуге қатысу. Шет мемлекеттермен екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды дамыту бойынша мониторинг жүргізу. Халықаралық, аймақтық және үкіметаралық ұйымдармен және халықаралық қаржы институттарымен өзара іс-қимыл жасау. Екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша сыртқы саясат бөлімімен және Қазақстан Республикасының шетелдік өкілдіктерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау. Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі Басшысының, Премьер-Министрдің және Үкіметтің тапсырмаларын орындау жөніндегі ақпараттың сапасы мен уақтылы ұсынылуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне үкіметаралық комиссиялардың хаттамалары бойынша тоқсан сайынғы есепті дайындау және қалыптастыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
hr-miir@miid.gov.kz
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
(8-7172) 98-33-64