ҚР ИИДМ Интеграция және халықаралық ынтымақтастық департаменті Көп жақты ынтымақтастық және халықаралық шарттарды сүйемелдеу басқармасының басшысы, С-3 санаты
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
357 266
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі;
4) кеңесші лауазымына және көмекке жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Халықаралық қатынастар
- Шығыстану
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Саясаттану
- Аймақтану
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Ғарыш техникасы және технологиялары
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
Қосымша талаптар
Кәсіби құзыреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер. Қазақстан Республикасының мемлекеттік хаттамасын және Қазақстан Республикасының сыртқы саяси тұжырымдамасын білу.
Функционалды міндеттер
Басқарма жұмысын ұйымдастыру және басшылық ету, Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтау, Басқарманың құзыретіне кіретін құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Министрлік бойынша Департамент жауапты болатын бақылаудағы тапсырмаларды орындау бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын жалпы үйлестіру және бақылау. Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі Басшысының, Премьер-Министрдің және Үкіметтің тапсырмаларын орындау бойынша ақпаратты сапалы орындауды және уақтылы беруді қамтамасыз ету. Департамент директорына Басқарма жұмысының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу. Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторына шетелдік инвестицияларды тарту жөнінде ұсыныстар қалыптастыру; инвестициялық қызметке байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, шетелдік өкілдіктермен, ұлттық компаниялармен және қазақстандық іскерлік қауымдастықтармен өзара іс-қимыл жасау, Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторына шетелдік инвестицияларды тарту мәселелері бойынша шетелдік инвесторлармен, халықаралық және шетелдік іскерлік қауымдастықтармен өзара іс-қимыл жасау; шетел капиталының қатысуымен экономиканың шикізаттық емес секторындағы инвестициялық жобаларды мониторингілеу. Халықаралық ынтымақтастықта келісімдерді, шарттарды, іс-қимыл жоспарларын, жол карталарын әзірлеу бойынша консультациялар және сүйемелдеу. Министрліктің халықаралық-құқықтық базасын мониторингілеу, дайындау, талдау және есептеу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
hr-miir@miid.gov.kz
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
(8-7172) 98-33-64