ҚР ҚПҚ бойынша жер қойнауын пайдалану департаментінің Келісімшарттар басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Геология
  • Филология
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
  • Тау-кен ісі
  • Мұнай газ ісі
  • Геодезия және картография
  • Кадастр
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: география

Қосымша талаптар

Кәсіби құзыреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер. Жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын білу. Мүмкіндігінше жер қойнауын пайдалану саласындағы шаруашылық және басқару қызметінің негіздері мен талдауын білу,  инвесторлармен жұмыс істеу.

Функционалды міндеттер

Пайдалы қатты қазбалар бойынша келісім-шарттардың жобаларын дайындауды ұйымдастыру, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт талаптарын талқылау бойынша құзыретті органның жер қойнауын пайдаланушылармен келіссөздер жүргізуін ұйымдастыру, жер қойнауын пайдаланушылармен келісімшарттар жасасу кезінде негізгі шарттар мен параметрлерді қарау және айқындау, тексеру, сараптама жүргізуді ұйымдастыру, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жобаларына және оларға толықтыруларға қол қоюға дайындау, жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі комиссияларға қатысу, жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың өтініштерін қарау жөніндегі сараптамалық комиссияның отырысын ұйымдастыру және өткізу; Министрлік пен Департамент басшылығының тапсырмаларын орындау; басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыруға қатысу, басқарма құзыреті шеңберінде басшылықтың өзге де тапсырмалары; құзыреті шеңберінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жер қойнауын пайдалану саласында заңнамалық нормаларды түсіндіруге қатысу;

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің процестерін автоматтандыру және оңтайландыру бөлігіндегі ұсыныстарды пысықтауды жүзеге асыру; Жер қойнауын пайдалану құқығының және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету; жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт негізінде туындаған, жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектілер және (немесе) (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) жер қойнауын пайдалану құқығына ауысуға арналған рұқсатты беру туралы ұсыныстарды пысықтау үшін қажетті, жер қойнауын пайдалану мәселелер бойынша материалдар бойынша сараптама комиссиясына қарауға енгізу; уран өндіруді қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия немесе барлауға арналған лицензия, ұлттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуды қарау үшін  ұлттық қауіпсіздік органына материалдарды жіберу; уран өндіруді қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия немесе барлауға арналған лицензия, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт негізінде туындаған, жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектілер және (немесе) (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) жер қойнауын пайдалану құқығына ауысуға арналған рұқсатты беру немесе бас тарту туралы шешімді жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша сараптама комиссия ұсыныстары негізінде қабылдауды қамтамасыз ету; уран өндіруді қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия немесе барлауға арналған лицензияны жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт негізінде туындаған (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) жер қойнауын пайдалану құқық кепілін тіркеу; пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру бойынша жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама бақылайтын, тұлғаның және  ұйымдардың құрамы туралы жер қойнауын пайдаланушымен ұсынылатын есептерді талдау арқылы мониторингілеу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 16.08.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.08.2023 – 21.08.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-64