ҚР ИИДМ Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаменті Елішілік құндылықты дамыту басқармасы бас сарапшысы, санаты C-4

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Балық шаруашылығы
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Тау-кен ісі
  • Мұнай газ ісі
  • Металлургия
  • Машина жасау
  • Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Органикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолданылу саласы бойынша)
  • Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Қаржы
  • Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
  • маркшейдрлік ісі

Қосымша талаптар

Кәсіби құзыреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

 

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тізбе бойынша мемлекеттік сатып алу субъектілерінің, жер қойнауын пайдаланушылардың, концессионерлердің, ұлттық компаниялар мен холдингтердің, ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтердi сатып алуындағы елішілік құндылықты мониторингiн жүзеге асыру;

тиiстi ұйымдар ұсынатын жүргiзiлген, жүргiзiлетiн және келесi жылға жоспарланатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтердi сатып алу туралы ақпаратты талдауды жүзеге асыру;

Елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, сервистік қолдау шараларын ұсыну және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бөлігін өтеу бойынша ұсыныстар енгізу;

интеграциялық процестердегі елішілік құндылықты дамыту және жергілікті қамту идеологиясын дамыту мәселелері бойынша жұмысты жүзеге асыру;

тау-кен металлургия және мұнай-газ кешендерінің ірі жобаларын іске асыру шеңберінде жергілікті қамту үлесін ұлғайтуға жәрдемдесу бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу;

Басқарманың заң шығару жұмысын жүзеге асыру;

Басқарма құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

Стратегиялық бағдармаларға ұсыныстар дайындау және Басқарма құзыреті шегінде орындалуын мониторингтеу;

Департаменттің, Министрліктің, Үкіметтің мәжілістерінде қарауға Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар мен материалдарды дайындау;

Елішілік құндылықты дамыту бойынша халықаралық тәжірибе негізінде ұсыныс енгізу;

Министрліктің Аппарат басшысы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 23.06.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.06.2023 – 29.06.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-64