Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті тұрғын үй қорын дамыту басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2024 жылғы 30 наурызға дейін)
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
Астана қаласы
422 437
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі;
4) кеңесші лауазымына және көмекке жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Жерге орналастыру
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Сәулет
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Кадастр
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Басқарманың жұмысын ұйымдастыру және
жалпы басқару. Жергілікті атқарушы органдар қызметінің мониторингін
ұйымдастыру. мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді есепке алу және
беру, тұрғын үй инспекцияларының, кондоминиум объектілерін басқару
органдарының қызметі бойынша. Тұрғын үй қорының жай-күйіне, «Нұрлы жер»
бағдарламасының іске асырылуына Мониторинг жүргізу. Тұрғын үй қоры
саласында бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету.
Стратегиялық жоспардың тиісті бөлімін әзірлеуге қатысу және оның мониторингін
ұйымдастыру, жергілікті атқарушы органдармен келісімдерді дайындау,
қорытындылар дайындау және олардың орындалуына мониторинг жүргізу. Жеке
және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың өтініштерін, Парламент
депутаттарының сауалдарын, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің тапсырмаларын
қарау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Үкімет отырыстары мен кеңестерге,
Министрлік алқасына материалдар дайындауға қатысу, оған Министрлік, Комитет
басшылығы жүктеген өзге де функцияларды орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
s.rsymbetova@miid.gov.kz
- Астана қ. Қабанбай батыр данғылы 32/1 (Онлайн)
-
983-359