ҚР ИИДМ Цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаменті Цифрлық даму басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Құқықтану
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
- Жаратылыстану ғылымдары: Механика
- Жаратылыстану ғылымдары: физика
- Білім: математика
- Білім: физика
- Білім: информатика
Қосымша талаптар
Кәсіби құзыреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер. «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасын, Кәсіпкерлік кодексін, Бюджет кодексін. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы», 2003 жылғы 7 қаңтардағы «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» заңдарды және аталған лауазымдағы мамандыққа қатысы бар Қазақстан Республикасының т.б нормативтік құқықтық актілерін білу. Мүмкіндігінше ағылшын тілін білу және Soft-skills дағдылары бойынша сертификаттың болуы қабылданады: көпшілік алдында сөз сөйлеу, келіссөздер мен презентациялар өнері, эмоциялық интеллект, креативті ойлау, жобаларды басқару, өзгерістерді басқару.
Функционалды міндеттер
Департамент басшылығына цифрландыру саласындағы функцияларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстар ұсыну; басқарманың құзыретіне жататын цифрландырудың басым проблемаларын шешуге бағытталған саясатты жүргізу; Министрлік салаларын цифрландыру бойынша жаңа бастамаларды енгізу және дамыту бойынша іс-шараларды жүргізу; «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы шеңберінде цифрландыруды жүргізу бойынша жұмыстарды үйлестіру; цифрландыру мәселелері бойынша жұмыс топтары мен басқа да кеңесу органдарының қызметіне, кеңестерге және өзге де іс-шараларға қатысу; цифрландыру бағыты бойынша Министрліктің басқа бөлімшелерімен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы шеңберінде Министрлік салаларын цифрландыруды қамтамасыз ету және министрлік салаларының IT жобалары бастамаларының ұсыныстарын әзірлеу үшін нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, қарау және келісу; ақпараттық жүйелер мен деректер базасын құру, енгізу мәселелері бойынша орталық аппарат пен комитеттердің қызметін қамтамасыз ету, сыртқы ақпараттық жүйелермен және деректер қорларымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру; ақпараттық жүйелерді және деректер базасын құру, енгізу мәселелері бойынша; басқарманың құзыретіне қатысты бағыттар тиімділігін бағалау бойынша іс-шаралар өткізу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
hr-miir@miid.gov.kz
- г. Астана, проспект Кабанбай батыра, 32/1, здание «Транспорт Тауэр»
-
(8-7172) 98-33-64