ҚР ИИДМ Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаменті директорының орынбасары, С-2 санаты
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
611 721
Жалпы біліктілік талаптары
С-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, С-О-2, D-O-2, D-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (білім беру саласы)
- Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (білім беру саласы)
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Тау-кен ісі
- Металлургия
- Машина жасау
- Электр энергетикасы
- Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
- Органикалық заттардың химиялық технологиясы
- Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: Ядролық физика
- Жаратылыстану ғылымдары: химия
- Инновациялық менеджмент
- Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- Мұнайхимия
Қосымша талаптар
Кәсіби құзыреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Функционалды міндеттер
: Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, жұмыс істеу және тарату саласындағы мәселелер бойынша стратегиялық, бағдарламалық құжаттар мен нормативтік-құқықтық актілерді қалыптастыруға қатысу; елішілік құндылықты дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы кезінде елішілік құндылық үлесін ұлғайту жөнінде шаралар әзірлеуді және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру; даму тұжырымдамалары мен бағдарламаларын әзірлеуге қатысу, стратегиялық бағыттарды әзірлеуге және оларды дамытуға қатысу; салалық Ведомствоаралық комиссиялар мен жұмыс топтарының қызметін ұйымдастыру және оған қатысу; Департамент құжаттарының орындалу сапасын қамтамасыз ету және Департамент қызметкерлерінің еңбек тәртібін сақтауын бақылау; Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер мен өзге де құжаттардың жобаларын әзірлеу және қарау; Министрлік басшылығының бақылау тапсырмаларының уақтылы орындалуын қамтамасыз ету үшін басқармалар арасында тапсырмалар мен тапсырмаларды бөлу; Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдау; Министрлік басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
hr-miir@miid.gov.kz
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
(8-7172) 98-33-64