ҚР ИИДМ Қаржы және бюджеттік жоспарлау департаменті Индустриялық даму және қорғаныс өнеркәсібі саласындағы бюджеттік жоспарлау басқармасының бас сарапшысы(негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 21.07.2023 ж. дейін), С-4 санаты

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер. Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексін, сондай-ақ өзге де қаржылық қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. Бюджеттік қатыснастар саласында ақпараттық технологияларды пайдалана білу.

Функционалды міндеттер

Министрліктің бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджеттік өтінімін қалыптастыру, бюджеттік бағдарламаларын бекіту және Министрліктің бюджетін нақтылау және түзету жұмыстарына қатысу. Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу. Министрліктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес және бағдарламаларын бекіту бойынша жиынтық бюджеттік өтінімді қалыптастыруға бақылауды қамтамасыз ету. Құрылымдық бөлімшелерге жүктелген бюджеттік өтінімдерді бюджеттік заңнаманың және оларды жасау мен ұсыну бойынша қағидалардың талаптарына сәйкес келуін тексеру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру. Жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштерінің Министрліктің даму жоспарының нысаналы индикаторларымен өзара байланысы бойынша жұмысты ұйымдастыру. Жоспарлы кезеңге арналған Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне жүктелген бюджеттік өтінімдерін қалыптастыру бойынша және оның мемлекеттік уәкілеттік органда қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Одан әрі Департаменттің, Министрліктің басшылығына және басқа да мемлекеттік органдарға ұсынылатын жиынтық ақпаратқа енгізу үшін қажетті ақпаратты Басқарма басшысына ұсыну. Министрлік және Департамент басшылығының, сондай-ақ Басқарма басшысының тапсырмаларын тиімді және уақтылы орындауды қамтамасыз ету. Департамент басшылығымен жүктелген өзге де өкілеттіктерін жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 06.06.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.06.2023 – 09.06.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-64