ҚР ИИДМ Заң департаментінің Заңнамалық актілер, құқықтық мониторинг және талдау басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі

Қосымша талаптар

Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.

Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалды міндеттер

Министрліктің құзыреті шеңберінде қолданыстағы заңнамаларды жетілдіру мақсатында заң жобалары мен олардың реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттары, халықаралық шарттар жобаларын құрылымдық бөлімшелермен әзірлеу, сараптау және ресми құқықтық қорытынды беру, ұйымдастыру. Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша Парламентте, басқа да мемлекеттік органдарда құрылатын жұмыс топтарына қатысу. Министрлік әзірлейтін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын құқықтық сүйемелдеу.

Заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның және басқа да консультативті-кеңесші органдар отырыстарына құзырет шегінде материалдарды әзірлеу. Үкіметтің заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалуына талдау жүргізу. Министрлік әзірлеген нормативтік құқықтық актілер жобалары туралы апта сайынғы, аналитикалық, есептік ақпараттарды даярлау.

Нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізуді ұйымдастыруға қатысу, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетiн, ескiрген және сыбайлас жемқорлықты тудыратын құқық нормаларын анықтау, олардың iске асырылуының тиiмдiлiгiн бағалау мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамасының жай-күйi туралы ақпаратты жинау, бағалау, талдау, сондай-ақ оның даму серпiнiн және қолданылу практикасын болжау бойынша, талдамалық ақпаратты әзірлеуге қатысу, басшылыққа құқықтық мониторинг мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу бойынша шаралардың уақтылы қабылдануына бақылауды жүзеге асыру.

Құқықтық мониторинг және нормативтік құқықтық актілер мәселелері бойынша Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Министрліктің басшылығының және Департаменттің тапсырмаларын орындау бойынша сапалы  шығыс құжаттарды дайындау мақсатында басшылықтың тапсырмаларына сәйкес Министрліктің құрылымдық бөлімшелерден келіп түскен ақпаратын жинауды және жинақтауды қамтамасыз ету. Министрліктің қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру. Басшылық жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 06.06.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.06.2023 – 09.06.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-64