ҚР ИИДМ Салаларды дамыту департаменті Дамыту және талдау басқармасының басшысы, С-3 санаты

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Категория С-3

Орташа лауазымдық айлықақы

422 437

Жалпы біліктілік талаптары

С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі;

4) кеңесші лауазымына және көмекке жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Су ресурстары және суды пайдалану
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Сәулет
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Электр энергетикасы
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Ғарыш техникасы және технологиялары
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: Информатика

Қосымша талаптар

Кәсіби құзыреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер.

Функционалды міндеттер

Басқармаға жалпы басшылық ету. Басқарманың міндеттерге байланысты жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу. Министрді отырыстар, селекторлық және өзге де кеңестер шеңберінде материалдармен қамтамасыз ету. Өңірлік және халықаралық сапарлар шеңберінде Министрді материалдармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіруге қатысу. Министрлік жетекшілік ететін салаларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу. Министрлік жетекшілік ететін салалардың қызметін талдау жөніндегі жұмысты үйлестіруге қатысу. Басқарманың Министр мен департамент басшылығының тапсырмаларын тиімді және уақтылы орындауын қамтамасыз ету. Департамент басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 02.06.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.06.2023 – 07.06.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-64